ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Талгар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«MAGIC MAN» Ағайынды Сафроновтардың орасан зор сиқырлар шоуы

«MAGIC MAN» Ағайынды Сафроновтардың орасан зор сиқырлар шоуы

Сипаттама

Жаға ұстататын ерекше шоу. Ұмытылмас әсерлер ұялататын шоу. Ешбір баламасы жоқ қайталанбас шоу. Назар аударыңыздар, жуырғы уақытта Алматы қаласының төріне өздерінің орасан зор «MAGIC MAN» шоуымен ресейлік сиқыршы ағайындылар - Сафроновтар келмек! Физика заңдары, гравитация мен логика заңдары туралы бар білгендеріңізді ұмытыңыздар! Алдарыңызда ұсынбақ болатын ғажайыптар ешбір заңның шектеуіне бағына қоймас. Сафроновтардың үлкен шоуында тек сиқыр-ғажап қана билік етпек!

Жаңажылдық мерекелік атмосфераның қыр-сырын сезіну мүмкіндігі ашылмақ: сіздерді сәнденген шыршалар қарсы алып, тақырыптық фотозонада естелікке суретке түсе аласыздар, ал балалар аниматорлармен бірге немесе арнайы ойын алаңында асыр салып ойнай алады. Балаларыңыз нағыз жаңажылдық ертегіге тап болғандай болып, ұмытылмас әсерлер алсын!

Бағдарламада үздік нөмірлер паш етіледі! «Екіге бөлу» нөмірінде Сафроновтардың бірі өзін қақ ортасынан кесіп тастайды! Мұндай амал тіпті аты аңызға айналған Дэвид Копперфильдтің де қолынан келмеген! Ал Сафроновтар осы нөмірін үшін халықаралық иллюзиондық фестивалінің «Әлемдегі ең үлкен иллюзия» номинациясында бірінші орынды иеленген екен!

«Телепорт» нөмірінде ағайындылардың бірі сахнадан көрермендер залының дәл ортасына тап болады. Бұл нөмірдің баламалары да әлі еш жерде кездеспеген.

«Қақпан» нөмірінде көрермендер Сафроновтардың бірін қақпанға байлайтын болады, одан сиқыршы 90 секунд ішінде босап шығу керек, уақыт өткен кезде қақпан жабылады! Бұл нөмір әйгілі «Пила» фильмінің атмосферасын сезіндіретіні кепіл.

«Найза» нөмірінде ағайындылардың көмекші қызы сиқырлы қораптың ішіне кіргенде, қорапқа бірден бірнеше найзалар қадалатын болады. Қораптың есігі ашылғанда, міне ғажап, ішінде ешкім болмайды! Бірақ көзді ашып жұмғанша көмекші қыз аман-есен әп сәтте пайда болып шыға келеді! Оған қоса сиқырлы қораптың ішінен тағы да екі қыз пайда болады. Хас сиқыр!

Мұнымен шектеліп қоймаймыз. Сіздерді таңғалдырарлық бал ашу, жұмыртқа мен қағаздан шынға айналған қалықтаған раушан гүлімен иллюзия, ағайындылардың бірін төртке бөлу, динозавлардың пайда болуы және басқа да көптеген қайталанбас сиқырлар жауыны сіздерді таңғалдыратыны анық!

Иллюзия мен сиқыр саласындағы ең беделді әлемдік рейтингтердің көшбасшылары ағайынды Сафроновтар жыл сайын жер шарының әр түкпірінен мыңдаған жанкүйерлер тобын жинайды. Адамдар бұған дейін тек кинода ғана көре алатын ғажайыптарды өз көздерімен көру үшін кезек-кезек жиналады. Енді сіздерде де таңдай қақтыратын шараға куә болу мүмкіндігі бар. Үлкен «MAGIC MAN» иллюзия шоуының бір бөлігі болып, мүмкіндіктердің шегі жоқ екеніне көз жеткізіңіздер!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Республика сарайы

  • Күні

    4 қаңтар, 2025

  • Басталуы

    12:00, 15:00, 19:00

  • Автотұрақ

    бар

  • Жанр

    шоу

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 4
    Қаңтар
    Сенб
    Республика Сарайы
    Зал
    бастап 4000
    бастап 4000
    бастап 4000
    бастап 4000