Scorpions в Алматы

«Астана» футбол клубы

Бас жаттықтырушы: Станимир Стойлов (Болгария)Логотип-ФК-Астана

Стадион: Астана Арена -  сыймдылығы 30 000

Ресми сайт: www.fca.kz

Жанкүйерлер клубының сайты:                                                             https://vk.com/fanclub7172

Орташа қатысушылық: 4875 адам (толуы 16%)

Жетістіктері: Күміс жүлдегері (2009), Қазақстан Кубогы (2010, 2012, 2016), Қазақстан Кубогы (2011), Қазақстан Чемпионы (2014, 2015, 2016), Суперкубок жүлдегері (2015), Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің қатысушысы

Астаналық команда 2009 жылы пайда болғаннан ақ жанкүйерлердің жүректерін бірден жаулап алды. Ол кезде «Локомотив», қазір «Астана» клубы, алдына бірден өршіл мақсат қойды: Қазақстанның ең бірінші үздік командасы болу.
Қойған мақсатына жетті деуге де болады. Соңғы жылдары астаналық клубының озықтылығы ешкімнің күмәнін тудырмайды.

   

2015 жылдың 27 тамызында «Астана» екі матчтың суммасы бойынша кипрлік АПОЭЛ 2:1 есебімен (1:0 үйде, 1:1 в қонақта) жеңіп, қазақстан футболының тарихында Чемпиондар лигасының топтық турнирына жеткен алғашқы клуб болды. Шешуші голдың авторы Неманья Максимович болды. Топтық кезеңде қарсыластары «Бенфика», мадридтік «Атлетико» және «Галатасарай» болды. "Астана" дебютант үшін топта ойыны жаман емес болды деуге болады, үйде барлық қарсыластарымен тең ойнады және соңғы матчта Стамбулда Лига Еуропасына шығуға талаптанды. Бірақ Стамбулда (1-1) жеңісті ұстана алмады.   

   

Стадион

«Астана Арена» спорт кешені сыйымдылығы 30 200 көрерменге жетеді. Әлем бойынша көлемі 10 000 м² жылжымалы жүйелі шатыры бар алты стадион бар және соның бірі болып келеді. Алаң 2009 жылдың 3 шілдесінде ашылған.Алғашқы тарихындағы матчта сол күні «Астана» және Қазақстанның жас құрама командасы кездесті. Матчта атақты итальяндық төреші Пьерлуиджи Коллина төрешілік етті, оның ысқырығымен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев символдық алғашқы допты соқты. Әр команданың құрамында, оның тұрақты ойыншыларынан басқа, екі шақырылған «жұлдыз» ойнады: Қазақстан жас құрамасының құрамында - Грузия құрамасының қорғаушысы және итальяндық «Милан» Каха Каладзе және Украина құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко, «Астаны» құрамында - атақты түрік футболисттері Хасан Шаш пен Хакан Шукюр.

 «Өз үйім – өлең төсегім» деп айтылған сөз бар. «Астана» футбол клубы өз аренасындағы ойындарда жеңісін бермейтін команда болып келеді. «Астана Аренада»  Бенфика, Галатасарай және мадридтік Атлетико  командаларына қарсы ойнап, астаналықтар бірде-бір ойында жеңіліп көрген жоқ. Басқа да жарыстарда, өз алаңында ойнап, ақты-көктілер жеңісін оңайлықпен бермейді. 

ФК «Астана» ойындарына Ticketon.kz сайты арқылы билеттерді сатып алып, астаналық команданың ойынын өз көздеріңізбен көре аласыздар. Біздің интернет-кассамыз сіздерге билеттерді сатып алуға ыңғайлы жүйе қызметін ұсынып отыр. Сіз уақытыңызды үнемдеп, ол уақытты одан да өз сүйікті командаңызды қолдау үшін жаңа жанкүйерлік ұрандарыңызды шығарып, оны жаттауға, баннерге сурет салуға және басқа да тәсілдерді ойлап табуға жұмсасаңыз болады.