rebranding

«Астана» баскетбол клубы

Доппен ойнайтын ойындарға құмарсыз ба? Жоқ, біз футбол жайлы айтып тұрған жоқпыз. Сөз доппен паркетте ойналатын ойын жайлы болып тұр. Иә, баскетбол жайлы. «Астана» баскетбол командасына жергелікті ойынында қолдау көрсеткіңіз келе ме? Олай болса, Тикетонды пайдаланып, осы спорттық жасақтың матчтарына билеттерді сатып алсаңыз болады.  

Қазақстанның ең жас баскетбол командаларының бірі елордалық клуб «Астана»  сіздерді өзінің «Сарыарқа» велотрек алаңына шақырады. 

      

«Астана» 2011 жылы құрылған. Дегенмен ең алғашқы қадамдарынан бастап ақ бұл клуб негізгі деп есептеліп, жуырдағы кезге дейін тіпті жалғыз ғана қазақстандық біріншіліктің чемионы болып келді. Елордалық баскетболисттер Қазақстан Чемпионатында қатарынан төрт рет жеңімпаз атанған. Ал соңғы жарыста тек екінші орынға ие болды. 

Сонымен қатар, жаңа клуб баскетболдан жігіттер арасында ҚР Кубогында жақсы көзге түсті. «Астана» спортшылары қатарынан төрт жыл бойы осы жүлдені ұтып алған – 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін. 

Мышканың оң жақ түймешігін тек бірнеше рет қана басып, сіз ВТБ Біртұтас лигасының және Қазақстан Чемпионатының баскетбол әлеміне кіруге мүмкіндік аласыз. 

Бұдан басқа, сіз «Астана» БК қатысатын FIBA еуропалық кубогында командаға жанкүйер бола аласыз. 

      

Өзіңіз елестетіп көріңізші: ойын алаңында доптың паркетке тиген әр соққысын, аяқ-киімнің ағаш еденде сықырлаған дауысын және жеңістен кейінгі мыңдаған фанаттардың масаттанып айқайлауын. Ал егер сіз дұрыс билеттерді сатып алып, ыңғайлы орындарды таңдасаңыз, жаттықтырушылардың ойыншыларға айтқан ережелерін естуге әбден мүмкіндіктеріңіз бар. Көрсеткіш тақтадағы есептің үздіксіз өзгерісі сізге тез жылдамдықпен болатын тайталастың күшін сезінуге жағдай туғызады. 

Әлем бойынша ең танымал ойындарының біріне билеттерді сатып алуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.