Гала-концерт
Әлем балеті жұлдыздарының гала-концерті
Eurasian Dance Festival I халықаралық балет өнері
фестивалінің жабылуы аясында
29 маусымда Үлкен залда ауқымды гала-концерт өтеді.
Кең көлемді бағдарламада – Германия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ-тан келген фестиваль қонақтарының, сонымен қатар «Астана Опера» театры балет әртістерінің орындауындағы классикалық балеттерден алынған па-де-де, қазіргі заманғы, отандық және шетелдік хореографтардың миниатюралары орындалады.
БАҒДАРЛАМА
- «Астана Опера» театрының оркестрі
- Ц.Пуни. «Эсмеральда» балетінен Диана мен Актеон па-де-десі. А.Ваганованың хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева және Бақтияр Адамжан, балет әртістері.
- И.С.Бах. Multiplicity («Көпқырлылық»). Н.Дуатоның хореографиясы. Орындайтындар: Берлин мемлекеттік операсының премьерлері – Михаил Канискин және Элиза Кабрера.
- А.Дворжак. «Мелодия». Орындайтындар: «Астана Опера» жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева және Олжас Тарланов.
- П.Чайковскийдің музыкасына жазылған «Асыл тастар». Дж.Баланчин хореографиясы. Орындайтындар: Ресейдің Үлкен театрының премьерлері Ольга Смирнова және Семен Чудин.
- А.Адан. «Корсар» балетінен па-де-труа. Ж.Перро және М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Бавария мемлекеттік операсының премьері Осиел Гоунео, Ковент-Гарден Корольдік театрының прима-балеринасы Яна Саленко және «Астана Опера» театрының жетекші солисті Еркін Рахматоллаев.
- Quenn, U2 және т.б. топтардың композициялары, «Rock the Ballet» американдық балеті. Р.Томас пен А.Катерн-Томастың хореографиясы.
Үзіліс
- Э.Дельдевез, Л.Минкус. «Пахита» балатінен мазурка. М.Петипа, П. Лакотта хореографиясы. Орындайтындар: Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары.
- М. Жарр. «Париж Құдай анасының саборы» балетінен үзінді. Р.Петидің хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева және Бақтияр Адамжан.
- С. Рахманинов. «Көктем сулары». А.Мессерердің хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева және Арман Оразов.
- Д. Шостаковичтің музыкасына «Казимир бояулары». М.Бигонцеттидің хореографиясы. Орындайтындар: Берлин мемлекеттік операсының премьерлері Михаил Канискин және Элиза Кабрера.
- Ц. Пуни. «Перғауын қызы» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Ресейдің Үлкен театрының премьерлері Ольга Смирнова және Семен Чудин.
- Ф. Николаевский. В. Соловьев-Седойдың «Тарас Бульба» балетінен Остап вариациясы. Р.Захаровтың хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының солистері – Эльдар Сәрсембаев, Серік Нақыспеков, Арман Оразов..
- Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен гран-па. М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Бавария мемлекеттік операсының премьері Осиел Гоунео және Ковент-Гарден Корольдік балетінің прима-балеринасы Яна Саленко, балет әртістері.
- Барлық әртістердің қатысуымен өтетін финал.
Ұзақтығы – 2 сағат, бір үзілістен тұрады
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!