Scorpions в Алматы

Гала-концерт

Әлем балеті жұлдыздарының гала-концерті

Eurasian Dance Festival I халықаралық балет өнері

фестивалінің жабылуы аясында 

29 маусымда Үлкен залда ауқымды гала-концерт өтеді.

Кең көлемді бағдарламада – Германия, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ-тан келген фестиваль қонақтарының, сонымен қатар «Астана Опера» театры балет әртістерінің орындауындағы классикалық балеттерден алынған па-де-де, қазіргі заманғы, отандық және шетелдік хореографтардың миниатюралары орындалады.

 

БАҒДАРЛАМА

  1. «Астана Опера» театрының оркестрі
  2. Ц.Пуни. «Эсмеральда» балетінен Диана мен Актеон па-де-десі. А.Ваганованың хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева және Бақтияр Адамжан, балет әртістері.
  3. И.С.Бах. Multiplicity («Көпқырлылық»). Н.Дуатоның хореографиясы. Орындайтындар: Берлин мемлекеттік операсының премьерлері – Михаил Канискин және Элиза Кабрера.
  4. А.Дворжак. «Мелодия». Орындайтындар: «Астана Опера» жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева және Олжас Тарланов.
  5. П.Чайковскийдің музыкасына жазылған «Асыл тастар». Дж.Баланчин хореографиясы. Орындайтындар: Ресейдің Үлкен театрының премьерлері  Ольга Смирнова және Семен Чудин.
  6. А.Адан. «Корсар» балетінен па-де-труа. Ж.Перро және М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Бавария мемлекеттік операсының премьері Осиел Гоунео, Ковент-Гарден Корольдік театрының прима-балеринасы Яна Саленко және «Астана Опера» театрының жетекші солисті Еркін Рахматоллаев.
  7. Quenn, U2 және т.б. топтардың композициялары, «Rock the Ballet» американдық балеті. Р.Томас пен А.Катерн-Томастың хореографиясы.

 

Үзіліс

 

  1. Э.Дельдевез, Л.Минкус. «Пахита» балатінен мазурка. М.Петипа, П. Лакотта хореографиясы. Орындайтындар: Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары.
  2. М. Жарр. «Париж Құдай анасының саборы» балетінен үзінді. Р.Петидің хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева және Бақтияр Адамжан.
  3. С. Рахманинов. «Көктем сулары». А.Мессерердің хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева және Арман Оразов.
  4. Д. Шостаковичтің музыкасына «Казимир бояулары». М.Бигонцеттидің хореографиясы. Орындайтындар: Берлин мемлекеттік операсының премьерлері Михаил Канискин және Элиза Кабрера.
  5. Ц. Пуни. «Перғауын қызы» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Ресейдің Үлкен театрының премьерлері Ольга Смирнова және Семен Чудин.
  6. Ф. Николаевский. В. Соловьев-Седойдың «Тарас Бульба» балетінен Остап вариациясы. Р.Захаровтың хореографиясы. Орындайтындар: «Астана Опера» театрының солистері – Эльдар Сәрсембаев, Серік Нақыспеков, Арман Оразов..
  7. Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен гран-па. М.Петипаның хореографиясы. Орындайтындар: Бавария мемлекеттік операсының премьері Осиел Гоунео және Ковент-Гарден Корольдік балетінің прима-балеринасы Яна Саленко, балет әртістері.
  8. Барлық әртістердің қатысуымен өтетін финал.

 

Ұзақтығы – 2 сағат, бір үзілістен тұрады

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады