rebranding

«ӘН – ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ»

2018 / 2019                    Камералық зал            VІ маусым

25 тамыз * жексенбі * 18.00

«ӘН – ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ»

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың

жеке концерті

Әйел бейнесі өнерде барлық уақытта да кеңінен дәріптелген. Нәзік жанды сұлуларға ұлы суретшілер, ақындар мен сазгерлер өз шығармаларын талай арнаған еді.

Өнерсүйер қауымның сүйіктісіне айналған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано Ғалия Байғазинова қазақ әйелінің санқырлы келбетін өзінің «Ән – әйел әлемі» атты жеке бағдарламасында елордалық көрермен назарына ұсынбақ.

Әнші концертте фортепиано мен фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен танымал қазақ халық әндерін, сондай-ақ Ш.Қалдаяқов, М.Маңғытаев, І.Жақанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Е.Хасанғалиев, Т.Мұхамеджанов сияқты қазақстандық композиторлардың вокалдық жауһарларын шырқайды.

Концертте өз өнерін халықаралық байқаулардың лауреаттары Алмат Ізбамбетов (тенор), Әсем Қиықпаева (сопрано), Назым Нұрғазиева (сопрано) паш етеді.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ғалия БАЙҒАЗИНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының

«САРЫАРҚА» халық музыка ансамблі

(Ұжымның көркемдік жетекшісі – Тоғжан Жахин)

 

Аспаптық трио:

Алмагүл Байғазинова (фортепиано)

Томирис Байғазинова (альт)

Салтанат Байғазинова (флейта)

 

Фортепиано партиясы – Гүлзада Құсайынова, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры