ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Лукас Хаслермен орган кеші

Лукас Хаслермен орган кеші

Сипаттама

«Dala Classic» музыкалық агенттігі ұсынады:

2023 жылы Қазақстанға алғаш рет келген бұл орындаушы тыңдарманның зор ықыласына бөленген еді. 2024 жылы 26 маусымда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында аустриялық танымал әрі дарынды жұлдыз, органшы, композитор, халықаралық сайыстардың лауреаты Лукас Хаслер жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады.

Концерт бағдарламасы:

Флоренс Б. Прайс (1887 1953)

- Органға арналған соната №1

Камиль Сен-Санс (1835 1921)

- Фантазия ми-бемоль, no. 1

Феликс Мендельсон Бартольди (1809-1847)

- Соната №4, си-бемоль мажор, шығ. 65/4

Иоганн Себастьян Бах (1685-1750)

- Хордағы кіріспе «Allein Gott in der Höh sei Ehr», BWV 662

- Пассакалия және фуга до минор, BWV 582

- Хордағы кіріспе «Smücke dich, oliebe Seele», BWV 654

Леон Бёлльман (1862 1897)

- Готикалық сюита, ор. 25

*ұйымдастырушы концерт бағдарламасына өзгерістер енгізуге құқылы

Лукас Хаслер аустриялық органшы әрі композитор.

Бала жастан фортепианода ойнауды үйренеді, бірақ көп ұзамай орган өнеріне назары ауады. Органда ойнау шеберлігін Грац (Аустрия) қаласындағы музыка және орындаушылық өнер университетінде (Улрих Вотердің сыныбында) шыңдайды. 2020 жылдан бастап бір жыл бойы Страсбургтегі (Франция) Жоғарғы музыка академиясында Иоганн Вехоның тәлімгерлігінде оқиды. Лукас Хаслер АҚШ, Германия, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Ресей, Украина және т.б. елдердің соборлары мен концерт залдарында өнер көрсетіп, белсенді концерттік қызмет атқарып келеді.

Лукас сонымен бірге «Prima la Musica» музыкалық конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы атанады, 2019 жылы Мальтадағы халықаралық конкурста «Grand Prix» иемденді. 2014 жылы Иоганн Себастьян Бах шығармаларын үздік интерпретациялағаны үшін «Hochbegabte Jungmusiker» санатындағы Штирия мемлекеттік марапатына ие болды. Бір жылдан соң «Jugend komponiert» («Жастар туындысы») конкурсының финалисі атанып, өз сюиталарымен көрермен жүрегіне жол тапты. Лукас Хаслер Жан Гийо, Тон Коопман, Людгер Ломанн және Скип Семпе секілді көрнекті қайраткерлердің шеберлік сабақтарына қатысқан.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Қалдаяқов к-сі, 35, Қазақ мемлекеттік филармониясы. Жамбыл, Үлкен зал

  • Күні

    26 маусым 2024

  • Басталуы

    19: 00

  • Суретшілер

    Лукас Хаслер

  • Тұрақ

    жоқ

  • Жас шектеуі

    6+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Маусым
    Сәрс
    Гастрольная сцена филармонии им. Жамбыла
    бастап 5000
    бастап 8000
    бастап 5000