
Бүкіл әлемді саған сыйға тартамын
Сипаттама
Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжановтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің концертіне барша музыка өнерін сүйер қауымды қуана шақырады. Танымал ұжымның орындауында махаббат, нәзіктік пен романтика туралы үздік композициялар орындалады.
Қыстың ұзақ мезгілінен кейін күн нұрына бөленіп алғашқы жасыл желек соғып, Ертіс жағасынан самал жел есіп, айнала өзгере бастаған сәтте, осы көркем көктемгі пейзажға толықтай еніп, романтика мен лиризмге толы жаңа сезімдерге бөлене түскің келіп тұрады. Маэстро Болат Рахымжановтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестр өз жанкүйерлеріне ешкімді бей-жай қалдырмайтын керемет музыкалық бағдарлама дайындады.
Бұл кеште лирикалық әуендер орындалады, ал жетекші солистер, беделді республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Жібек Айтбаева мен терең баритон иесі Әлижан Қазбеков, оркестр сүйемелдеуімен нәзік сезімдер мен жарқын толғаныстар туралы халыққа қалаулы әндерді шырқайды.
Өтетін орны
Павлодар қаласы, филармонияның концерт залы, Н. Назарбаев даңғылы, 1
Күні
06 Сәуір 2025 жыл
Уақыты
17:00
Жас шектеуі
7+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 6СәуірЖексПавлодарская филармонияОсновнойбастап 3000 ₸бастап 3000 ₸