Расписание кинотеатров Павлодара

Жариялы келісімшарт (оферта)

ЖАРИЯ ШАРТ (ОФЕРТА)

Алматы қ., 2024 ж. маусым

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Төменде баяндалған Офертаның мәтіні жеке тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Қызмет көрсету туралы шарт жасасу туралы ресми жария ұсыныс болып табылады. Қызмет көрсету туралы шарт жеке тұлға осы Офертада көзделген және жеке тұлғаның осы Офертаның барлық шарттарын қосылу шарттарының негізінде ешқандай да алып тастаусыз немесе шектеулерсіз толық және сөзсіз қабылдауын білдіретін іс-әрекеттерді жасаған мезеттен бастап жасалған болып есептеледі және өз күшіне ие болады.

1.2. Билет операторы болып табылатын «Ticketon Events» (Тикетон Евентс) ЖШС (бұдан әрі – «Оператор») Интернет желісін пайдаланушыға (бұдан әрі – «Сатып алушы») Оператордың әріптестері – Ұйымдастырушылар ұйымдастыратын мәдени-ойын-сауық іс-шараларына билеттерді сатып алуды жүзеге асыру үшін https://ticketon.kz/ мекенжайы бойынша қолжетімді «Тикетон» сервисін (бұдан әрі – «Сервис») пайдалануды ұсынады.

1.3. Сервис Сатып алушыға мәдени-ойын-сауық іс-шаралары туралы ақпаратқа, соның ішінде олардың өткізілетін орындары мен уақыты туралы ақпаратқа, мәтіндерге, иллюстрацияларға, фотосуреттерге, графикаға, аудио- және бейнематериалдарға және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары туралы өзге де ақпаратқа (бұдан әрі – «Материалдар»), сондай-ақ Ұйымдастырушылар хабарлаған іс-шараларға қатысу үшін төленетін Билеттердің құны туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсынады.

1.4. Оператордың Сайтында Билеттерді сатып алу мезетіне дейін жарияланатын Билет бағалары туралы ақпарат оферта болып табылмайды, өзекті баға Оператордың Сайтында Билеттерді нақты сатып алу күнінде қолжетімді тарифтер бойынша нақтылануға жатады.

1.5. Офертаның шарттарын Оператор ешқандай арнайы хабарламасыз өзгерте алады, Офертаның жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, Офертаның жаңа редакциясы Интернет желісінде https://ticketon.kz/ мекенжайы бойынша орналастырылған мезеттен бастап күшіне енеді.

1.6. Оператор тарапынан осы Шарттардың 1.5-тармағында көзделген тәртіппен осы Офертаға Сатып алушы келіспейтін әлдебір өзгертулер енгізілген жағдайда Сатып алушы Сервисті пайдалануын тоқтатқаны жөн.

2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Жүйе – Жүйенің ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуге, Іс-шараларға билеттерді сатуды жүзеге асыруға, сондай-ақ сатылған Билеттер туралы дерекқорларды қалыптастыруға арналған, соның ішінде www.ticketon.kz интернет-порталынан, iOS және Android-қа арналған мобильді қосымшадан, әріптес интернет-порталдарда орнатылған виджеттерден, автоматтандырылған кассаларда орнатылған билеттер сатуды автоматтандыру жүйесінен тұратын мамандандырылған аппараттық-бағдарламалық кешенді қамтитын электрондық билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйесі.

Сайт – Оператордың www.ticketon.kz интернет-порталы, сондай-ақ өзге де интернет-ресурстар, солардың ішінде, бірақ олармен шектелмей, Оператордың Жүйесін өздерінде орналастыратын әріптестердің сайттары мен мобильді қосымшалары.

Автоматтандырылған кассалар – Жүйеге қосылған Оператордың, оның контрагенттерінің автоматтандырылған кассалары.

Іс-шара – соған арналған арнайы орындарда өткізілетін ойын-сауық іс-шарасы, соның ішінде: театр спектаклі, кинотеатрдағы киносеанс, цирк қойылымы, залдағы, клубтағы, ашық алаңдағы концерт, спорттық жарыс, Билетті көрсету жолымен кіріп тамашалауға болатын кез келген өзге оқиға.

Ұйымдастырушы – Оператормен шарттық қатынастарда болып табылатын және соның негізінде Жүйені пайдалана отырып өз Іс-шараларына Билеттерді ресімдеуге және өткізуге құқылы болатын Іс-шараны өткізуші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Мекеме – Билеттері Сатып алушыларға Оператордың Жүйесі арқылы сатылатын Іс-шараны тікелей өз аумағында өткізетін ұйым.

Билет – Сатып алушыға Жүйені пайдалана отырып сатылған, Ұйымдастырушы мен Сатып алушының арасында шарттың жасалғанын куәландыратын, ұсынушысына Іс-шараға қатысуға құқық беретін қатаң есептілік құжаты.

Билетті сатып алушы (Сатып алушы) – оның атына Билет сатып алуға тапсырыс ресімделген жеке тұлға.

Билетті ұстаушы – Іс-шараға Билетті ұсынатын жеке тұлға. Сатып алушыдан басқа тұлға болуы мүмкін.

Билет Коды – Билетті сатып алу кезінде Сатып алушыға жіберілетін, Ұйымдастырушыға Іс-шараға қатысу үшін көрсетілуге тиіс болатын бірегей цифрлық немесе әріптік-цифрлық код (оның ішінде QR-код).

Сервистік алым – Жүйені пайдалана отырып Билетті сатып алу кезінде Оператор өз қызметтері үшін Сатып алушыдан алатын ақшалай қаражат. Әрбір Билет үшін сервистік алымның мөлшерін Оператор жеке дара айқындайды. Тапсырысты қалыптастыру кезінде және Сатып алушы тапсырысты төлеген мезетке дейін Сервистік алымның мөлшері тапсырыс парағында көрсетіледі.

Жеке Кабинет (ЖК) – Бонустық бағдарлама Қатысушысының www.ticketon.kz сайтындағы немесе «Тикетон» мобильді қосымшасындағы дербес парағы. ЖК-да бағдарлама Қатысушысы тапсырыстар/сатып алулар тарихы мен Бонустық шотты көре алады. Оператордың Бонустық бағдарламасының шарттары оның Сайтында орналастырылады.

3. ШАРТТЫҢ МӘНІ

3.1 Осы Офертаның шарттарымен Оператор Сатып алушыға Жүйенің көмегімен Ұйымдастырушылардың Іс-шараларына Билеттерді сатып алу мүмкіндігін береді.

4. БИЛЕТТЕРДІ ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ

4.1. Жүйені пайдалана отырып, Сатып алушы Оферта шарттарымен онда баяндалған шарттармен, тәртіппен және көлемде келіседі.

4.2. Билеттерді сатып ала отырып, Сатып алушы: i) осы Оферта ережелерімен толық танысқанын, ii) Оферта шарттарын түсінетінін және қабылдайтынын, iii) Оферта шарттарын қабылдау кезінде өз әрекеттерінің мәні мен салдарын түсінетінін растайды.

4.3. Сатып алушы Билетті сатып алу кезінде Оператормен тікелей шарттық қатынастарға түседі. Бұл ретте оларға қатысу құқығы Билетпен расталатын Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бөлігіндегі міндеттемелер Ұйымдастырушыда туындайды.

4.4. Сатып алушы мен Оператор арасында жасалып отырған келісімнің елеулі шарттары (Іс-шараның атауы, өткізілетін орны, Іс-шараның күні мен уақыты, залдағы орын, Ұйымдастырушы/Сатушы белгілеген Билеттің бағасы) Сатып алушы тарапынан Билетті Жүйеде сатып алу кезінде айқындалады және Билетте көрсетіледі. Билетте, сондай-ақ, Іс-шараға өту үшін қажетті сәйкес идентификатор (нөмір, цифрлық код, штрих-код, QR-код, әріптік код және т.б.) көрсетіледі.

4.5. Билет төленгеннен кейін және ол туралы Билетті сатып алу кезінде көрсетілген Сатып алушының электрондық поштасына және/немесе телефон нөміріне SMS арқылы коды бар электрондық билет түріндегі хабарлама келгеннен кейін Сатып алушы Билетті сатып алған болып есептеледі.

4.6. Сатып алушы Билетті сатып алғаннан кейінгі 3 (үш) сағаттың ішінде оны алмаған жағдайда Тапсырыстың мәртебесін анықтау үшін Оператордың клиенттерді қолдау қызметіне хабарласқаны жөн. Оператордың клиенттерді қолдау қызметі Сатып алушының белсенді тапсырысын растамаса, бірақ ақша төленген және ол туралы растайтын құжат бар болған жағдайда Сатып алушыға көрсетілген сома дереу қайтарылады немесе баламалы сатып алу варианты ұсынылады.

4.7. Оператор өзіне Ұйымдастырушылардың тарапынан Сатып алушылардан Билеттер мен Сервистік алымды төлеу есебіне түскен ақшалай қаражатты қабылдауға уәкілеттік берілгенін растайды. Сатып алушының Іс-шараға Билет сатып алуына байланысты болатын барлық құқықтар мен міндеттемелер тікелей Ұйымдастырушыда туындайды. Оператор төлем ұйымы немесе төлем агенті болып табылмайды. Оператор өз клиенттері мен әріптестері үшін ақпараттық-технологиялық қызметтердің провайдері болып табылады.

4.8. Сатып алушы Операторға Билетке тапсырыстарды ресімдеу кезінде және/немесе Оператордың қызметкерлерімен кейінгі/алдын ала жеке ақпарат алмасу кезінде өзі беретін дербес ақпарат Оператор олармен тек ондай ақпаратты сақтау және өңдеу мақсаттарында шарттық қатынастарда болатын үшінші тұлғаларға сақтау және/немесе өңдеу мақсаттары үшін, соның ішінде, трансшекаралық беру жолымен берілуі мүмкін екендігімен өзінің келісімін растайды. Бұл ретте Оператор ондай тұлғалармен жасалатын шарттарда осындай сипаттағы деректердің құпиялылығын сақтау және оларды жария етпеу үшін қажетті талаптардың болуына кепілдік береді. Сатып алушы өзінің Билетті сатып алу, төлеу және (немесе) алу кезінде көрсеткен ақпаратын Оператордың тиісті Шарт орындалған күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға құқылы екендігімен келіседі. Осы тармақтың ережелері Іс-шараларына қатысты билеттері Оператор Жүйесі арқылы сатылатын Ұйымдастырушыларға қолданылмайды.

4.9. Билеттерді Оператордың Жүйесін пайдалану жолымен сатып ала отырып және (немесе) ала отырып, Сатып алушы Оператордың оған (i) Іс-шара өткізілмейтін жағдайда Оператор сатып алу ресімделгеннен кейін жібере алатын электрондық хаттарды, сондай‑ақ (ii) Сатып алушы көрсеткен телефон нөміріне/мессенджерге хабарламаларды, оның ішінде дауыстық (SMS, WhatsApp, өзге де мессенджерлер) жіберуіне келісімін білдіреді.

4.10. Сатып алушы осымен Оператор Жүйесінде Билеттерді сатып алу кезінде өзі туралы көрсеткен деректердің шынайы әрі өзекті болып табылатынын және олардың басталғаны туралы Сатып алушыны хабардар етуді талап ететін мән-жайлар туындаған кезде Оператордың қызметкерлеріне онымен байланысу мүмкіндігіне кепілдік беретінін растайды.

4.11. Билет толық төленгенге дейін Сатып алушыға берілуге жатпайды. Сатып алушы Жүйені пайдалана отырып сатып алатын Билеттерді төлеу келесілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа рұқсат етілген кез келген заңды тәсілмен жүзеге асырылады: қолма-қол есеп айырысу, қолма-қол ақшасыз төлем, QIWI терминалдары арқылы, мобильді телефон теңгерімінен, Оңай картасымен, Оператор ұсынған ресурстарға сәйкес бонус түрінде. Билет нақты Іс-шараға қатысты арнайы бөлінген уақыт ішінде төленуге тиіс. Билет белгіленген уақыт кезеңінде төленбеген жағдайда ондай Билетке қатысты бронь жойылуға жатады, ал Билет сатуға қайта қойылды деп есептеледі.

5. ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Оператор:

5.1.1. Сатып алушы Жүйеде Билет сатып алған кезде ресімделетін оның сұраныстарына сәйкес Іс-шараларға Билеттерді сатуды және оларға тапсырыстарды ресімдеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.


5.1.2. Телефон арқылы, чаттарда, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және/немесе электрондық пошта арқылы Іс-шараларға Билеттерді өткізу мәселелері бойынша Сатып алушыға кеңес беруді жүзеге асыруға міндеттенеді.


5.1.3. Сатып алушыға осы Офертаның барлық талаптарына жауап беретіндей сапалы әрі тиісті түрде қызмет көрсетуге міндеттенеді.


5.1.4. Оператордың Сайтында қажетті ақпаратты орналастыру арқылы Сатып алушыға Іс‑шараларға қатысты мәселелер бойынша толық, шынайы және жан-жақты ақпаратты беруге міндеттенеді.


5.1.5. Іс-шаралар өткізілмейтін/өткізу уақыты/орны өзгертілген жағдайда бұл туралы бір немесе бірнеше қолжетімді байланыс арналары арқылы Сатып алушыларға уақтылы хабарлауға міндеттенеді. Оператор барлық талаптарды орындап, әлдебір себептермен Сатып алушы ондай хабарламаны алмаған/көрмеген/телефон нөмірін өзгерткен/ мессенджерлерді, поштаны, әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын жағдайда Іс-шараға қатыспағаны үшін жауапкершілік толығымен Сатып алушыға жүктеледі.

 

5.1.6. Сатып алушы берген дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді. Осы Офертаның 4.7-тармағына сәйкес Оператордың өз қызметкерлеріне және Сатып алушы алдындағы Оператордың міндеттемелерін орындау үшін тартылған өзге де тұлғаларға ақпарат беруі бұзушылық болып табылмайды. Ондай ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға беру міндеттемелерді бұзу болып табылмайды.

 

5.2. Оператор:

5.2.1. Сатып алушыдан осы Офертаның талаптарын сақтауды және орындауды талап етуге құқылы.


5.2.2. Сатып алушыға бұл туралы хабарлай отырып, себебін түсіндірместен оған қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.


5.2.3. Сатып алушы ресімделген Билетке Тапсырысты нақты Іс-шараға қатысты төлем жасауға бөлінген уақыт аралығы шеңберінде төлемесе, оның күшін жоюға құқылы.

 

5.2.4. Сервистік алымның сомасы туралы нақты көрсетілген жағдайда Билеттерді интернет арқылы сатып алу қызметін пайдаланғаны үшін Сервистік алымды белгілеуге құқылы. Іс-шараны Ұйымдастырушылар өзгеше көздемесе, Оператор Сервистік алымды киносеанстар, сондай-ақ өзге де Іс-шаралар үшін белгілейді.

5.2.5. Сатып алушының электрондық мекенжайына, мессенджерлеріне және мобильді телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электрондық хаттар мен SMS-хабарламаларды жіберуге құқылы.

 

5.2.6. Жүйе арқылы бір Сатып алушыға бір тапсырыс бойынша сатылатын Билеттер санын сатуға шектеу қоюға құқылы. Оператор өз қалауымен көрсетілген байланыс деректері бойынша (электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі) Іс-шараға Сатып алушыға сатып алуға қолжетімді Билеттер санына лимит белгілеуге құқылы. Лимиттің нақты деңгейін Оператор тікелей Оператордың Сайтындағы нақты Іс-шараның парақшасында көрсетеді. Белгіленген лимиттен асатын Билеттер санын Сатып алушы Оператормен алдын ала жазбаша келісім бойынша сатып алуға құқылы болады. Бұл жағдайда Оператор Сатып алушыға себебін түсіндірместен белгіленген лимиттен асатын Билеттер санын сатудан бас тартуға құқылы.

 

5.2.7. Сайтта өзгертілген шарттардың жариялануын қамтамасыз ете отырып, кез келген уақытта осы Офертаның шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.


5.2.8. Билет құнын бөліп төлеу ресімделген жағдайда Оператор Сатып алушыдан бөліп төлеу туралы өтінімді ресімдегені үшін комиссия алуға құқылы. Бөліп төлеуді ресімдегені үшін төленетін комиссия номиналдың жалпы сомасының және сервистік алымның 7%-ін құрайды.

 

5.2.9. Сағат 22:00-ден кеш аяқталатын Іс-шаралар мен фильмдер сеанстарына, сондай-ақ жас шектеулері бар Іс-шаралар мен фильмдерге «Балалық» тарифтер бойынша билеттерді сатуды жүзеге асырмауға құқылы.

6. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Сатып алушы:

6.1.1. Билетті сатып алу жүзеге асырылғаны туралы (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, SMS-хабарлама, электронды пошта арқылы немесе мессенджерге хабарлама түрінде) растама алуға құқылы.


6.1.2. Іс-шара туралы және оған қатысу шарттары туралы толық әрі сенімді ақпарат алуға құқылы.

 

6.1.3. Осы Офертада көрсетілген тәртіппен Билетті айырбастауды және/немесе қайтаруды жүзеге асыруға және оның құнын Сервистік алымды шегергенде алуға құқылы.


6.2. Сатып алушы:

6.2.1. Өзінің дербес деректерінің дұрыс енгізілуіне және оған жіберілген Билет Кодының сақталуына дербес өзі жауапты болуға міндетті.

 

Дербес деректердің кез келген өзгерістері орын алғанда Сатып алушы өзі қатысатын Іс-шаралар және/немесе олардың кестесіндегі өзгерістер туралы оны Оператордың тиісті түрде хабардар етуін қамтамасыз ету үшін өзінің өзгерген байланыс ақпаратын Оператор Сайтының базасына енгізуге тиіс.

 

6.2.2. Билеттерді «Балалық» немесе «Студенттік» тарифтер бойынша сатып алған жағдайда Мекемеге кірген кезде бақылаушыға көрсетілуі қажет болатын тиісті оқу орындарынан студенттің немесе оқушының мәртебесін растайтын құжатты (мектептен анықтама немесе студенттік билет) өзімен бірге алып жүруге міндетті.

 

6.2.3. Ол Билеттерін сатып алып отырған Мекемелердің ішкі ережелерімен (этикет ерекшеліктері, дресс-код, келу ережелері және т.б.) өз бетімен танысуға міндетті.

7. БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ

7.1. Кинотеатрға Билетті қайтару. Сатып алушы бұрын сатып алынған Билетті қайтару туралы өтініш жасаған жағдайда Билет Кинотеатр кассасында басып шығару рәсімінен өткен болса немесе киносеанс басталғанға дейін 30 (отыз) минуттан аз уақыт қалса, Оператор Билетті қайтарудан бас тартуға құқылы.

7.2. Театрға Билетті қайтару. Сатып алушы бұрын сатып алынған Билетті қайтару туралы өтініш жасаған жағдайда, Театрдың ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, спектакль басталғанға дейін 3 (үш) сағаттан аз уақыт қалса, Оператор Билетті қайтарудан бас тартуға құқылы.

7.3. Абай атындағы ҚазҰОБТ-ға (Алматы қ.) сатып алынған Билеттер спектакль басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын айырбастауға және қайтаруға жатады.

7.4. «Астана Опера» МОБТ-ға (Астана қ.) сатып алынған Билеттер спектакльдер қойылмайтын немесе уақыты өзгертілген жағдайларда ғана айырбастауға және қайтаруға жатады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және айырбастау жүргізілмейді. «Астана Опера» МОБТ-ға билеттерді қайтару және айырбастау мүмкінсіздігіне қатысты Сатып алушылар тарапынан туған мәселелердің барлығы тікелей «Астана Опера» МОБТ-ға қарауға берілуге жатады.

7.5. «Барыс» ХК (Астана қ.) матчтарына сатып алынған Билеттер матч өткізілмейтін немесе өткізу уақыты ауыстырылған жағдайларда ғана айырбастауға және қайтаруға жатады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және айырбастау жүргізілмейді. «Барыс» ХК матчтарына билеттерді қайтару және айырбастау мүмкінсіздігіне қатысты Сатып алушылар тарапынан туған мәселелердің барлығы тікелей «Барыс» ХК-ға қарауға берілуге жатады.

7.6. »Астана Балет» (Астана қ.) театрына сатып алынған Билеттер Іс-шара басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын айырбастауға және қайтаруға жатады.

7.7. Театр тарапынан өзгеше көзделмесе және бұл туралы Оператордың Сайтындағы спектакль сипатталған парақшада көрсетілмесе, Театрдың репертуарлық жоспарындағы спектакльдерге сатып алынған Билеттерді қайтару Офертаның 7.8-тармағында айқындалған шарттармен жүзеге асырылады.

Бұл шарттар Театр аумағында өткізілетін кез келген гастрольдік жекеше ойын-сауық спектакльдері мен іс-шараларына қолданылмайды. Мұндай гастрольдік іс-шараларға Ұйымдастырушылар айқындайтын және Оператордың сайтындағы Іс-шараның сипаттамасында тікелей келтірілетін жеке шарттар қолданылады.

7.8. Концерттерге және өзге де Ойын-сауық, Спорттық, Гастрольдік, Туристік іс-шараларға Билетті қайтару. Сатып алушы бұрын сатып алынған Билетті қайтару туралы өтініш жасаған жағдайда, Іс-шараның Ұйымдастырушылары өзгеше көздемеген болса (бұл жағдайда ондай өзгеше шарттар Оператордың Сайтындағы Іс-шараның сипаттамасында көрсетілуге тиіс), Іс-шара басталғанға дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан аз уақыт қалса, Оператор Билетті қайтарудан бас тартуға құқылы.

7.9. Іс-шара өткізілмейтін, алмастырылған, ауыстырылған жағдайда Билетті қабылдауды және ақшалай қаражатты қайтаруды Оператор Ұйымдастырушыдан Іс-шараның өткізілмейтіндігі, алмастырылғандығы, ауыстырылғандығы туралы ресми хат алған кезде ғана жүзеге асырады. Қайтаруға Сату нүктелерінде, Оператордың интернет-ресурстары арқылы және/немесе Оператордың ресми әріптесінің сайтында сатып алынған Билеттер ғана қабылданады. Билет құнын қайтару Ұйымдастырушының ресми хатында белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін Билеттің құнын тек Ұйымдастырушы дербес өзі қайтарады.

7.10. Аншлагтық (билеттер толық сатылған) Іс-шараға Билетті қайтаруға өтінім алған кезде Оператор Ұйымдастырушыға жазбаша түрде сұрау жібереді және теріс жауап алған жағдайда соманы Сатып алушыға қайтарудан бас тартуға құқылы.

7.11. Сатып алушы Билетті Ұйымдастырушыға немесе Операторға байланысты емес себептермен қайтаруға жүгінген жағдайда Оператор Сатып алушыдан қайтаруды жүзеге асырғаны үшін өтемақы төлемін ұстап қалуға құқылы.

7.11.1. Іс-шаралардың кез келген санатына номиналды құны бойынша сатып алынған Билетті қайтару кезінде ұсталатын өтемақы төлемі Билеттің номиналды құнының 5%-ін немесе кемінде 250 теңгені құрайды.

7.11.2. Сатып алушы іс-шараларға Билеттерді сатып алған кезде Оператордың Сервистік алымы қолданған жағдайда Билетті қайтару кезінде Сервистік алымның толық сомасы ұсталады.

7.12. Іс-шаралардың кез келген санатына сатып алынған Билеттің құны қайтарылған кезде ақшалай қаражатты қайтару Сатып алушы Билетке тапсырыстың күшін жою сәтті жүзеге асырылғаны туралы хабарламаны алған мезеттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Клиенттің банктік картасына жүзеге асырылады.

7.13. Сатып алушы Билетті қайтарған жағдайда Оператор Сатып алушы төлеген соманы алдағы Іс-шараларға билеттерді сатып алу кезінде пайдалану үшін Жүйеде сақтауды ұсынуға құқылы. Бұл жағдайда Оператор Сервистік алым сомасын ұстап қалмайды. Соманы қайтару Клиент өтініш берген күні жүзеге асырылады.

7.14. Билетті қайтаруды жүзеге асырып отырған Сатып алушы Оператордың Бонустық Бағдарламасының Қатысушысы болып табылатын жағдайда Оператордың Сайтында орналастырылған Бонустық бағдарламаның Ережелерінде сипатталған қайтару шарттары қолданылады.

8. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

8.1. Билеттері Оператордың жүйесін пайдалана отырып сатылатын Іс-шараларды өткізудің сапасы мен шарттары үшін Оператор жауапты болмайды. Билеттері Оператордың жүйесі арқылы сатылатын Іс-шараның өткізілмеуі жағдайларына немесе өткізу сапасына қатысты Сатып алушылардың барлық кінәрат-талаптары Ұйымдастырушыға дербес қарау үшін беріледі. Жоғарыда аталған факт нәтижесінде Сатып алушылардың шеккен шығындары нақты Іс-шараның Ұйымдастырушысы есебінен ғана өтеледі. Осы тармақтың ережелеріне қарамастан Оператор Ұйымдастырушының әрекеттері/әрекетсіздігі үшін жауапқа тартылған жағдайда Ұйымдастырушы Оператордың талабын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Операторға ол соған байланысты шеккен залалдарды, соның ішінде заңгерлік, соттық және өзге де шығыстарды толық көлемде өтеуге міндеттенеді.

8.2. Оператор Сатып алушының Билетті ресімдеу және алу, Іс-шараға қатысу, сондай-ақ Офертаның шеңберінде қызметтерді алу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қате түсінуі немесе түсінбеуі нәтижесінде Сатып алушы шеккен кез келген залалдар мен моральдық зиян үшін жауапты болмайды.

8.3. Оператор Қызметтерді қауіпсіз көрсету шарттарын қамтамасыз етуге байланысты ықтимал тәуекелдер бойынша, сондай-ақ желілік шабуылдар немесе Сайтқа бұзып кіру, оның ішінде, олармен шектелмей, техникалық себептерден туындаған Сайттың жұмысындағы іркілістер үшін жауап бермейді.

8.4. Оператор Сатып алушының Билет Кодын жоғалтқаны үшін жауап бермейді және Сатып алушы оны жоғалтқан жағдайда ол қалпына келтіруге жатпайды.

8.5. Оператор Сатып алушының кәмелеттік жасқа толмағанның (баланың) баланың заңды өкілдерінің (ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиелеуші және балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар) ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салатын «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Қазақстан Республикасы Заңының (12.10.2021 ж. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен) 36-бабы 4‑тармағының талаптарын сақтамағаны үшін жауап бермейді. Құжаттар сәйкес болмаған немесе жоқ болған жағдайда Мекеме әкімшілігі кәмелетке толмаған адамға билет сатудан немесе оны Іс-шараға жіберуден бас тартуға құқылы.

Осы жағдай туындаған жағдайда Оператор Сатып алушы сатып алған Билеттердің күшін жоймайды. Ондай Билеттер үшін қаражатты қайтару жүзеге асырылмайды.

9. ФОРС-МАЖОР

9.1. Тараптар дүлей күштің әрекет ету уақытына Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Дүлей күш деп Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар түсініледі. Оларға табиғи құбылыстар; ядролық жарылыстың, радиацияның (иондаушы сәулелендірудің) немесе ядролық қарудың, өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарымен немесе радиоактивті қалдықтармен радиоактивті ластанудың әсері; соғыс, әскери басып ену, шетелдік жаудың дұшпандық әрекеттері, әскери іс-қимылдар, әскери маневрлер және соған байланысты әскери сипаттағы іс-шаралар; азаматтық соғыс, қарулы көтеріліс, түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер, билікті күшпен басып алу немесе күштеп ұстау; эпидемиялар, эпизоотиялар, метеорологиялық жағдайлар, лаңкестік әрекеттер, ереуілдер, алып қою, тәркілеу, реквизициялау, ұлттандыру және т.б. жатады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған тарап екінші тарапты олардың басталғаны туралы барынша қысқа мерзімде хабардар етуге тиіс. Бұл ретте жалпыға белгілі оқиғалар қандай да бір растауды қажет етпейді, қалған оқиғаларға қатысты тиісті растайтын құжаттарды қоса тіркеу қажет, ондай құжаттар, басқалардың қатарында, бірақ олармен шектелмей, құзыретті мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар болуы мүмкін.

10. ШАҒЫМДАР МЕН ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

10.1. Туындай алатын барлық қайшылықтарды немесе дауларды тараптар мүмкіндігінше келіссөздер жолымен шешеді.

10.2. Әлдебір себептермен сотқа дейінгі реттеу барысында келісімге қол жеткізілмесе, осы Шарттан туындайтын дау Алматы қаласындағы Қазақстандық халықаралық арбитражда 1 (бір) төреші құрамында ҚХА Регламентіне сәйкес (Сатып алушы заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылса) немесе Оператордың орналасқан жері бойынша жалпы юрисдикция сотында (Сатып алушы жеке тұлға болып табылса) қаралуға жатады.

10.3. Көрсетілетін қызметтер бойынша Сатып алушының кінәрат-талаптарын Оператор тек жазбаша түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қабылдайды және қарайды.

10.4. Жүйені пайдалану кезіндегі Сатып алушының заңсыз әрекеттері нәтижесінде оның кінәсін анықтау кезінде техникалық мәселелерді шешу үшін Оператор сарапшы ретінде құзыретті ұйымдарды дербес тартуға құқылы. Сатып алушының кінәсі анықталған жағдайда соңғысы сараптама жүргізу шығындарын өтеуге міндетті.

11. ӨЗГЕ ШАРТТАР

11.1. Шарт оған қосылу ниетін білдіретін Билетті сатып алуды тікелей ресімдеу кезінде Сатып алушы осы Жария офертаның шарттарымен келісімін растаған күннен бастап күшіне енеді.

11.2. Шарт бойынша Оператордың орындалмаған міндеттемелері жоқ болған жағдайда Сатып алушы Операторға болжалды Шартты бұзу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын тиісті жазбаша хабарлама беру жолымен Шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Бұл орайда Сатып алушы іс-шараға қайтарылмайтын (ол туралы Оператордың сайтында айқын көрсетілген) билеттерді сатып алған жағдайда ондай сома оған қайтаруға жатпайтынын түсінеді және мойындайды. Сонымен бірге, Сатып алушы Шартты бұзудан бас тарту құқығын өзінде сақтайды.

11.3. Оператор Оператордың ресми сайтында тиісті хабарламаны жариялау жолымен немесе Сатып алушы Билетті сатып алуды ресімдеу кезінде көрсеткен деректемелерді пайдалана отырып Сатып алушыға болжалды Шартты бұзу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес мерзімде тиісті жазбаша хабарлама беру немесе SMS-хабарлама жіберу жолымен Шарттан бас тартуға құқылы.

11.4. Шартпен көзделмеген барлық басқа мәселелерге қатысты Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

12. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

«Ticketon Events» (Тикетон Евентс) ЖШС

Заңды мекенжай: Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы, 135, Амангелді көшесінің қиылысы, 3‑блок, 10-қабат, офис 3103.

Тел.: +7 (727) 225-10-50

БСН 151040009124​

ЖСК KZ876017131000025675 KZT

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БСК HSBKKZKX

 

№3 нобай

14.06.2024 ж.