ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Павлодар
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Грузин патшалық балеті Алматы қаласында

Грузин патшалық балеті Алматы қаласында

Сипаттама

Грузиндік патшалық ұлттық балеті: сахна төрінде Грузия Алауы

2008 жылы Гела Поцхишвили мен Майя Кикнадзе негізін қалаған Грузин Патшалық Ұлттық Балеті өзінің қызуқандығымен және майталман хореографиясымен әлемді жаулап келеді.

«Грузия алауы» - бұл жай ғана қарапайым бағдарлама емес, әрбір би тарихтың сырын шертетін, ал әрбір сезім мың бұралған қозғалыста бейнеленетін грузин мәдениетінің түрлі-түсті көрінісі.

Балет репертуарында «Кармен» және «Аққу көлі» сияқты классикалық қойылымдар да, грузин аңыздары мен халық билері негізінде жасалған бірегей спектакльдер де бар.

«Картули» - бұл ұлттық костюм киген бишілер грузин биінің барлық реңкін көрсететін балеттің бетке ұстар туындысы.
«Лезгинка» - қайнар қимылдар және құмар музыкамен таңғалдыратын қанжарлы таңғажайып би.

«Аң аулау» - көрермендерді грузин аңшыларының әлеміне алып келетін серпінді спектакль, онда ерлердің батылдығы және ептілігі әйелдердің сұлулығы және әдемілігімен үйлеседі.

«Хоруми» - нәзік тілдесу мен сүйіспеншілікке толы ойнақы би.

Грузин Патшалық Ұлттық Балеті - бұл жай ғана би ұжымы емес, бұл грузин мәдениетінің сақтаушылары, олар әлемге әр өнер көрсетумен бірге өз рухының бір бөлігін сыйлайды.

Әсерлі би шашу, жарқын костюмдер, қызықты әуендер және Грузияның қайталанбас атмосферасы - осының бәрі сіздерді Грузияның Патшалық Ұлттық Балетінің қойылымдарында асыға күтеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы, Н.И. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер Театры

  • Өтетін күні

    2024 жыл 10 қазан

  • Уақыты

    20:00

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    6+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 10
    Қазан
    Бейс
    ГАРТЮЗ им. Н.И.Сац .
    Зал
    бастап 8000
    бастап 8000