Өзара-байланыс «TOTAL FEST. Диалогтар»
Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 114, Тотальный театр
Сценарий авторлары мен режиссерлері: Александра Кохан, Дарья Меньщикова
Театр: «Театр Talk» тәуелсіз жобасы (Магнитогорск қ., Ресей)
Жанр: екі көрерменге арналған интерактивті тәжірибе(немесе екі көрерменге арналған интерактивті аудио-спектакль?)
Жас шектеулері: 16+ (ерлі-зайыптылар немесе көрермендер үшін ер+әйел)
Ұзақтығы: 45 минут
Жоба дауысы - әртістер Анастасия Якупова, Лилия Мусина, Данила Сочков, Филипп Ладейщиков
Өзара⇄байланыс - бұл, әрине, махаббат хикаясы. Оқиға желісі біртекті емес, Толстой, Шварц, Гурней, Булгаков, Цветаева және тіпті Эрих Фромм шығармаларынан үзінділерді үйлестіре байланыстырып, әрбір көрермен қарым-қатынас жайлы бір тұтас оқиғаны тамашалай алады. Ғашықтық, алғаш көңіл қалу, сатқындық, өкініш пен татуласу - небәрі 45 минут ішінде осынау интерактивті өнердің қатысушысы өмірдің бүкіл жолдарын өтіп шықпақ.
Бұл жобаның интерактивті деген атау көтеруі бекер емес, «Өзара⇄байланыстың» көрермендері мен қатысушылары оқиғаны құлақтарында тыңдап қана қоймай, сан алуан реквизиттерді қолданысқа алып, өзара байланысқа түсетін болады. Әрине, көрермендерді қойылымның өзі жетелеп, қай уақытта қандай әрекет жасау керегін бағдарлап, бірлесе отырып бір тұтас оқиға құрастыратын болады.
Нағыз махаббаттың даму жолын тамашалап, білу үшін сурет салып, жазып, кесіп, жабыстырып әр алуан әрекеттер атқаруға тура келеді.