Ұлы романтиктер И.Брамс
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
Күні: 30 сәуір, 2024
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 10+
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
«FORTE-TRIO ұсынады» топтамасы
Концерт
Ұлы романтиктер
И.Брамс
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE-TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында неміс композиторының камералық жауһарлары шырқалатын «Ұлы романтиктер. И.Брамс» концертін ұсынады.
FORTE-TRIO-ның барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.
FORTE-TRIO аспаптық музыка сүйер қауымды өз өнерлерімен үнемі қуантудан танған емес, «Ұлы романтиктер. И.Брамс» топтамасынан жаңа бағдарлама да әйгілі жасампазға деген құрметтің белгісі болмақ.
БАҒДАРЛАМА:
Иоганнес Брамс
№1 фортепианолық трио, мажор, оp. 8
1. Allegro con brio
2. Scherzo (allegro molto)
3. Adagio
4. Allegro
Э.Т.А.Гофман романының кейіпкері капельмейстер Крайслерге арналған
№1 фортепианолық квартет, соль минор, оp. 25
1. Allegro
2. Intermezzo. Allegro, ma non troppo
3. Andante con moto
4. Rondo all Zingarese. Presto
Барон Reinhard von Dalwigk-ке арналған
ОРЫНДАУШЫЛАР:
«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосының құрамы:
Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано)
Мақсат ЖҮСІПОВ (скрипка)
Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)
Леонид МЫСОВСКИЙ (альт)
Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.