Scorpions в Алматы
тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

«ŞAM» театрының «Иран конференциясы» спектаклі

Біз бұл конференцияда мынау әлемді осындай қиын жағдайға душар еткен, шешімін табу күннен күнге күрделеніп бара жатқан конфликтілердің себебі мен салдары жайлы айтамыз. Конференция — әлемге деген, адамға деген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі түсініктің қақтығысы туралы. Ол екі әлемді «батыс» пен «шығыс» деп бөлгім келмейді, өйткені біз қазір олай қарай алмаймыз. Бүгінгі таңда батыс әлемінде де, шығыс әлемінде де әртүрлі елдер бар. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын неше түрлі саяси және діни структуралар қалыптасып кеткен, сондықтан әлемді батыс пен шығыс деп бөлу мүмкін емес. Біз бұл қақтығысты ең әуелгі екі түсініктен тарқатар едік: бірі «діни дәстүршілдік», екіншісі «гуманисттік рационализм». Бір ретте, Белгиялық әріптесіміз: «Екі күш күресіп жатыр. Алла мен кока-кола» деп әзілдеп айтып еді. Қате түсініп қалмаңыздар, әрине бұл қалжың. Десе де, Шекспирдің Гамлетіндегі Полоний айтпақшы «Бұл есуастық болса да, ақылға қонымды».

 

Актерлік құрам:

Филипп Расмусен – Алмат Құрақ, Нұрғиса Қуанышбайұлы

Даниел Кристенсен – Асан Мажит

Оливер Ларсен – Ерлан Біләл

Магнус Томсен – Дархан Сүлейменов

Астрид Петерсен – Ақбота Рахат

Эмма Шмидт-Паулсен – Самал Еслямова

Густав Йенсен – Еркебұлан Дайыров

Паскуаль Андерсен – Сағызбай Қарабалин

Шырын Ширази – Зарина Кармен