«Қазағым-ай» концерті
Өтетін орыны: «Казақстан» ОКЗ
Өтетін күні: 15 ақпан
Басталуы: 19:00
Тұрақ: бар
Жас санаты: 7+
Қосымша:
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақконцерттің дәстүрлі әншілері «Қазағым-ай» концертіне шақырады.
«Бозарып атқан ақ таңда, бозарып тұрып ақпанда, есіңе мені алғайсың...» деп жырлаған Мұқағали ақынның шығармашылығына арналған концертте елордалық көрерменге ән мен күйден тарту ұсынылмақ.
«Қазағым-ай» концертінде дәстүрлі ән мен күй шеберлері өнер көрсетпек. Көрермен қауым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанованың өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ бұл кеште Ерболат Шалдыбеков, Дінисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек сынды талантты артистер өнер көрсетеді.
Кеш қонақтары – Айтбек Нығызбаев, Телман Құжиманов, Толғанбай Сембаев, Перизат Тұрарова, Назира Бейсенова, Кентау Назарбек, Нұрқанат Тапиев, Рүстем Нүркенов.
Концертте Мұқағали Мақатаевтың жүрек тебірентер өлеңдеріне негізделген музыкалық шығармалар орындалады.