Қазақтың Ақбаяны
Сипаттама
Құрметті Ақтөбеліктер және қала қонақтары!
Тыңдарман жүрегінің нақ төрінен орын алған, күміс көмей, жез таңдай әнші Мәдина Ералиева биыл 70 жасқа толар еді...
Өмірден кетсе де, көңілден кетпеген, ҚР еңбек сіңірген артисі Мәдина Ералиеваның шығармашылығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» концертіне шақырамыз!
Концерттік бағдарламаға Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары қатысады.
Сіздерді 24 қыркүйек сағат 19:00-де «Өнер орталығы» концерттік залында күтеміз!
Сұлу сазды әнменен сағынышымызды басайық! Келіңіздер, көріңіздер!
Өтетін орны
Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан көшесі, 90б, Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы, «Өнер орталығы» Концерт залы
Күні
24 қыркүйек 2024 жыл
Басталуы
19:00
Ұзақтығы
Жас шектеуі
6+
Қосымша
6 жасқа дейінгі балалар концертке жіберілмейді. 6 жастан бастап олар Билеттерді сатып алады.
Жанр
концерт
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 24ҚыркүйекСейсҒ.Жұбанова ат. Ақтөбе облыстық филармониясыЗалбастап 2000бастап 2000