ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Италиялық серенада»

«Италиялық серенада»

Сипаттама

Камералық-вокалдық музыка кеші

«Италиялық серенада. Махаббат әндері»

Ұзақтығы 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Италиялық серенада кешін «Астана Опера» театрының опера солистері мен әртістері ұсынады.

Олар бізді трубадурлар мен рыцарьлардың мұрагерлері түн тыныштығын түріп, сұлу ханымдардың балкондары мен терезелерінің түбінде лютня немесе гитараның сүйемелдеуімен махаббат әнін шырқайтын алыс дәуірге саяхат жасауға шақырады. Әуен сезімге толы: мұң, уайым, нәзіктік, албырттық осының бәрі серенадаларды ұйып тыңдауға мәжбүр етеді. Әйел сұлулығын жырлайтын алғашқы әндер дәл осы Италияда пайда болған еді.

Кеш бағдарламасында италиялық серенадалар, сондай-ақ серенада түрлеріне айналған, сүйіктісінің қадір-қасиетін дәріптейтін ариялар мен әндер, вокалдық серенаданың ерекшеліктерін жаңғыртатын аспаптық пьесалар шырқалады.

Концерт дәстүрлі түрде күз мезгілінде (16 22 қазан) өткізілетін Халықаралық итальян тілі мен мәдениеті апталығына арналған.

ОРЫНДАУШЫЛАР

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Лейла АЛАМАНОВА (сопрано)

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Артур ҒАБДИЕВ (тенор)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Сұлтан БАҚЫТЖАН (баритон)

Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)

Мадина КАПЕУ (скрипка)

Любовь ТКАЧЕНКО (арфа)

Балжан САПАРОВА (флейта)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано / клавесин)

Концерт жүргізушісі Маржан ЖӘКЕНОВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)   

  • Күні

    20 қазан, 2024

  • Уақыты

    18: 00

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

      Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз