Ұрпақтан ұрпаққа
Концерт
Ұрпақтан ұрпаққа
«Ұрпақтан ұрпаққа» концерті – театр солистерінің қазақ опера өнерінің негізін қалаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Ришат пен Муслим Абдуллиндер және тағы басқа әртістерге деген құрметі. КСРО Халық әртістері – Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, ҚазКСР Халық әртістері – Мұрат Мұсабаев, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетбаевтер; Қазақстанның Халық әртістері – Шора Үмбеталиев, Қорлан Қалиламбекова, Сұлтан Байсұлтанов және ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Абай Байтуғаевтер біздің мақтаныштарымыз.
Кеш бағдарламасында қазақстандық вокалдың жаңа толқыны – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған «Астана Опера» солистерінің қатысуымен осы көрнекті тұлғалардың репертуарындағы шығармалар орындалады.
Концертке қатысатындар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Бибігүл Жанұзақ (сопрано), Медет Чотабаев (тенор), Талғат Мұсабаев (баритон);
Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас);
халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова және Галина Чеплакова (сопрано), Мейір Байнешов (тенор) және басқалар.
Фортепиано партиясы –
халықаралық байқаулардың дипломанты – Долорес Үмбетәлиева
Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады