rebranding

Ұрпақтан ұрпаққа

Концерт

Ұрпақтан  ұрпаққа

«Ұрпақтан  ұрпаққа» концерті – театр солистерінің қазақ опера өнерінің негізін қалаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Ришат пен Муслим Абдуллиндер және тағы басқа әртістерге деген құрметі. КСРО Халық әртістері – Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, ҚазКСР Халық әртістері – Мұрат Мұсабаев, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетбаевтер; Қазақстанның Халық әртістері – Шора Үмбеталиев, Қорлан Қалиламбекова, Сұлтан Байсұлтанов және ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Абай Байтуғаевтер біздің мақтаныштарымыз.

Кеш бағдарламасында қазақстандық вокалдың жаңа толқыны – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған «Астана Опера» солистерінің қатысуымен осы көрнекті тұлғалардың репертуарындағы шығармалар орындалады.

Концертке қатысатындар:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлеріБибігүл Жанұзақ (сопрано), Медет Чотабаев (тенор), Талғат Мұсабаев (баритон);

Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас);

халықаралық байқаулардың лауреаттары Айзада Капонова және Галина Чеплакова (сопрано), Мейір Байнешов (тенор) және басқалар.

 

Фортепиано партиясы –

халықаралық байқаулардың дипломанты – Долорес Үмбетәлиева

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады