«Щелкунчик» қойылымы Орал қаласында
Сипаттама
Музыка: П. И. Чайковский
Екі актілі балет. Балаларды таңдай қақтыратын, ересектерді сағыныш сезіміне баурайтын ерекше ертегі. Неміс жазушысы Гофманның туындысы Чайковскийдің музыкасымен әлдеқашан ұштасқан туынды.
Осымен 120 жыл бойы «Щелкунчик» балеті көрермендер жүректерін толқытып келуде. Мари мен Щелкунчиктің шытырман саяхаты, Тышқан патшасымен шайқас және бақытты финал - бұл қысқы сиқырдың бәрімізге жақын әрі таныс керемет атмосферасы. Көрермендерді ұмытылмас кейіпкерлер, теңдессіз костюмдер, керемет әсерлер және де, әрине, таңғажайып музыка күтуде. Балет жас көрермендердің көңілінен шығатыны анық. Себебі «Щелкунчик» - сиқырға, шытырман оқиғалар мен романтикаға толы тамаша жаңажылдық оқиға. Ал жарқын және шабыттандыратын сюжет Жаңа жыл қарсаңындағы сиқырлы күндерге теңеседі.
Оқиға желісі:
Жаңажылдық мереке сиқырлы шытырман мен ғажайып сезімдерге толы. Штальбаумдар отбасына қонақтар келді. Балалар өз сыйлықтарын алып, Дроссельмейер ұсынған қуыршақ қойылымын тамашалауда. Штальбаумдардың қызы, Мари ойыншықтар арасынан өзіне ешкімге ұнамаған Щелкунчикті таңдап алады. Мереке бітіп, түн уақыты түседі, онымен сиқырдың сезімі де ғайып болады. Патшасы бастаған бір топ жарқанаттар Маридің бөлмесіне жасырын кіріп, бір мезетте бөлмедегі барлық ойыншықтарға жан бітеді. Тышқан патшасымен шайқас барысында Щелкунчик ажал құша жаздайды, алайда батыл қыз Мари оны құтқарып қалады. Кенеттен Щелкунчик Ханзадаға айналып шыға келеді. Маримен бірге Ханзада Конфетюренбург еліне аттанып, онда Фея Драже, оның достары мен жан біткен қуыршақтарды кездестіреді. Тәттілер шаһары, орындалған армандар мен сиқырлар мекені өз есіктерін айқара ашып, жас ғашықтарды қуана қарсы алады.
Өтетін орны
Орал қаласы, «Атамекен» мәдениет сарайы
Күні мен уақыты
26 қараша, 19:00
Тұрақ
Бар
Ұзақтығы
2 сағат
Жас шектеулері
5+
Музыка
П. И. Чайковский
Хореография
Л. Иванов, ред. Е. Черкасова
Жанр
балет
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 26ҚарашаСейсДворец культуры «Атамекен»Зал новыйбастап 6000бастап 6000