Афиша кино Кокшетау

ХХ ғасырдың симфониялық классикасы

Концерт 
«ХХ ғасырдың симфониялық классикасы»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Абжахановтың жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрі ХХ ғасырдағы еуропалық классик композиторлар – Игорь Стравинский, Клод Дебюсси және Леонард Бернстайнның туындыларынан концерт ұсынады.
Кеш бағдарламасына «Петрушка» балетінен, «Вестсайд оқиғасы» мюзиклінен сюиталар және «Фавнның түстен кейінгі демалысы» симфониялық поэмасы енді.
Қуыршақ драмасы орыс халқының масленицаға арналған мерекелік сауық-сайранында көрініс тапқан. Балетте орыс әндерінің сарыны, қала әндері фольклоры мен композитордың халықтық мақамда жазған әуендері бір арнаға тоғысқан. Гротеск, халық әндерінің мелодикасы және Стравинскийдің «Петрушкасының» би ырғақтарын Дебюссидің «Фавнның түстен кейінгі демалысы» прелюдиясындағы» солғын импрессионизм, сондай-ақ академизм джазбен және дәстүрлі латын-америкалық ырғақтармен астасатын Бернстайннің «Вестсайд оқиғасындағы» көп қырлы музыка алмастырады. Бұл шлягерге айналған симфониялық жауһарлардан шашу болмақ.

БАҒДАРЛАМА:
И.Стравинский. «Петрушка» балетінен сюита (1947 жылғы нұсқа)
К.Дебюсси. «Фавнның түстен кейінгі демалысына» симфониялық прелюдия
Л.Бернстайн. «Вестсайд оқиғасы» мюзиклінен сюита

ОРЫНДАУШЫЛАР:
«Астана Опера» симфониялық оркестрі
Дирижер – Айдар АБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.