rebranding

Экран әуендері

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

13 қаңтар * жексенбі * 17.00

КОНЦЕРТ

«Экран әуендері»

 

Идеялық шабыттандырушысы және дирижері керемет музыкант Әлихан Ыдырысов болып табылатын әрі үнемі аншлагпен өтетін «Экран әуендері» топтамасының концерттерін көрермендер тағатсыздана күтеді. Сүйікті кино таспалардың үзінділерінен тұратын тамаша әуендер, сонымен қатар әртістердің әсерлі орындаулары музыкалық кино кешіне ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Концерт бағдарламасында «Служебный роман», «Человек-Амфибия», «Д’Артаньян и три мушкетера», «Девчата», «Гардемарины, вперед!», «Не бойся, я с тобой», «12 стульев», «Тот самый Мюнхгаузен», «Мимино», «Неуловимые мстители» сынды өткен ғасырдағы атақты кино туындыларының жауһарлары орындалады.

Сонымен бірге, кино классикасына айналған «Найзатас етегінде», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште» сияқты қазақстандық фильмдерден алынған композициялар шырқалады. Ал «Мама», «Розыгрыш», «По секрету всему свету», «Гостья из будущего», «Мэрри Поппинс, до свидания!» фильмдерінің әуендері бақытты балалық шаққа жетелейтін болады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Астана Опера» Камералық хоры мен оркестрі, Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов

 

Театралдық студияның балалар хоры, жетекшісі Алтынғаным Ахметова

 

СОЛИСТЕР:

Мейір Байнеш, Рамзат Балакишиев, Салтанат Бекмағанбетова, Мақпал Әбдіреева, Ержан Саипов, Ксения Затула, Ұлпан Әубәкірова, Александр Красиков, Жанель Қатпаева, Индира Қаратаева, Нұрлан Шауаханов, Валерий Селиванов, Руслан Совет, Елтай Мұстанов, Ерлан Мерекенов, Бақтияр Омаров және т.б.

 

ЖЕКЕ АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛАР:

Алмас Тоқпанов (кларнет)

Руслан Баймурзин (домбыра)

Константин Стригин (баян)

Әлихан Ыдырысов (рояль)

Динара Сартай (рояль)

Жәнібек Бекмадиев (соқпалы аспап)

Максим Заечковский (саксофон) және т.б.

 

Жоба авторы және дирижері – ӘЛИХАН ЫДЫРЫСОВ