Тилек Сұлтанның «Киелі кимешек»
Сипаттама
Санитарлық күн әр айдың соңғы сейсенбісі. (24 желтоқсан)
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде (15 желтоқсан)
Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
«Шекарасыз мәдениет» акциясы аясында 2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар Ұлттық музейге ТЕГІН кіреді.
2024 жылғы 6 желтоқсан пен 2025 жылғы 6 қантар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Тилек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесі өтуде.
Тилек Сұлтан Қазақстан Республикасының Ұлттық қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық сапа белгісінің иегері. Халықаралық және республикалық конкурстардың белсенді қатысушысы, тігінші-шебер, қазақ ұлттық киімдерін зерттеуші, реставратор, насихаттаушы, коллекционер, танымал этнодизайнер. Қазақтың дәстүрлі қолөнеріне деген қызығушылығы бала кезінен басталды. Шебер бұл өнерді өзінің әжесінен үйренген. Бүгінгі таңда күрделі тігіндік әдістерін қолданып, көптеген ұлттық киімдерді, соның ішінде кимешек, жарғақ шапан, оюлы шалбар, әйелдер шапандары, сондай-ақ ерлер мен әйелдер тюбетейкелерін қайта жаңғыртты.
Тилек Сұлтан көптеген жылдар бойы әйелдерге арналған бас киім кимешекті зерттеп, оны белсенді түрде кестелеп, ұлттық киімдер мен әшекейлердің, тұрмыстық заттардың кең көлемді этнографиялық коллекциясын жинады.
Көрмеде Қазақстанның түрлі өңірлері мен ру-тайпаларына тән көне кимешектер және шебердің өз қолымен жасаған ұлттық бас киімдері ұсынылған.
Тилек Сұлтанның шығармашылығы қазақ мәдениетінің өткен мен қазіргі арасындағы тамаша үйлесімін көрсетеді.
Көрме атауы: |
«Киелі кимешек» | ||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу 30 минут Алтын залмен шолу 45 минут | ||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында | ||||||||||
Жас шегі: |
жоқ | ||||||||||
Күні мен уақыты: |
06/12/24 -06/01/25 | ||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. | ||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
| ||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). | ||||||||||
Тариф 1. Тақырыбы: «Алтын» залдарсыз музейге келу. *Музейге кіру бағасына жас тарифтері бойынша (Алтын залдар мен шетелдік көрмелерден басқа) тұрақты көрмелердің және уақытша көрмелердің барлық залдарына бару кіреді. |
| ||||||||||
Тариф 2. Тақырыбы: «Алтын» залдармен музейге келу. **Музейге кіретін билет құнына барлық тұрақты экспозиция залдарын, уақытша көрмелерді және «Алтын» залдарын тамашалау кіреді, жастық тарифтерге сәйкес (шетелдік көрмелерден басқасы).
|
| ||||||||||
Музейге бару үшін жеңілдіктер (шетелдік көрмелерді қоспағанда, тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер залдары) (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) |
ТЕГІН: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І-ІІ- III топ. Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар. |
Өтетін орны
Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Көрменің ашылуы
2024 жылғы 6 желтоқсан пен 2025 жылғы 6 қантар
Ұзақтығы
мұражайға бару аясында
Жұмыс кестесі
Сейсенбі-жексенбі: 10.00 - 18.00 сағ.
Касса
10.00 - 17.00 сағ.
Қосымша
Техникалық күн – дүйсенбі. Барлық залдарды аралап шығуға болатын уақыт 2-ден 4 сағатқа дейін. Келуден бұрын музейдің жұмыс уақытын ескеріңіз.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 22ЖелтоқсанертеңНациональный музей РКЗалбастап 700бастап 300бастап 300
- 25ЖелтоқсанСәрсНациональный музей РКЗалбастап 700бастап 300бастап 300
- 26ЖелтоқсанБейсНациональный музей РКЗалбастап 700бастап 300бастап 300
- 27ЖелтоқсанЖұмНациональный музей РКЗалбастап 700бастап 300бастап 300