Классикалық балет кеші (ҚАМКТ)
Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2, КАТМК
Премьерасы: 2006 ж. 30 наурызында болды
Ұзақтығы: 1 сағат 30 мин
Қоюшы-балетмейстер: Галия Бурибаева
Қоюшы-дирижер: Роман Калошин
Костюмдер: Галия Бурибаева
Сценография: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Малик Байкенов
1 бөлім
П. И. Чайковский «Аққу көлі» II акт
Хореография: Л. Иванова, М. Петипа
2 бөлім
Ш. Ф. Гуно «Вальпургий түні»
Хореография: Галия Бурибаева
1 бөлім
«Аққу көлі» (2 акт)
Кемеңгер орыс композиторы П.И. Чайковский 1840 жылы Воткинскте туылған. Балет театрының тарихына Чайковский реформатор, композитор-драматург, орыс хареографиялық драманың негізін қалаушы ретінде енді. Оның реформасының мәні балет музыкасының сапасы мен оның драматургиядағы рөлін түбірімен өзгертуде болатын. «Балет - сол симфония», - деп айтатын ол. Ол 3 балет жазған болатын: «Аққу көлі» (1876), «Ұйқыдағы ару» (1889), «Шерткіш» (1891), олардың әрқайсысында Чайковский дәстүрлі балеттің түрлері мен жанрларының бар байлығын қолданған,бірақ оларды терең психологиялық мағынасымен және дәл симфониялық өркендеумен толтырған болатын.
«Аққу көлі». Әппақ аққулар — бұл сұлу қыздар, бірақ олар зұлым сиқыршы Ротбардпен дуаланып тасталған. Тек түнде ғана оларға адами қалпы оралады. Көлдің жағасында Зигфрид аққулар ханшайымы Одеттаны кездестіреді. Оның сұлулығы ханзаданы таңғалтады да, ол оған мәңгілік махаббат сыйлауға уәде береді. Тек шынайы және тұрақты сезім ғана қыздарды жауыз сиқыршының дуасынан құтқара алады. Таң атады. Қыздар тағы да аққуға айналып кетуі тиіс. Зигфид өзінің сезіміне сенімді – ол Одеттаны дуагердің билігінен босатады. И.П. Чайковскийдің әуенінің өзі әркімге ұмытылмас, ерекше сұлу, бір құпиялылық атмосферасын жасайды.
2 бөлім
«Вальпургий түні»
Ш. Ф. Гуно 1818 ж. Парижде дүниеге келген. Париж консерваториясын бітіруде Римдік сыйлығын алды. 1851 жылы Гуно өзінің алғашқы операсын жазды - «Сафо». Композитордың опералық шығармашылығының гүлдену шағы 50-60 ж.ж. «Фауст»( 1859) – композитордың әлемді мойындатқан үздік операсы. «Вальпургий түні» - бұл «Фауст» операсынан би сюитасы. Ол «Grand Opera»(1869) сахнасынағы опера қойылымына кейінірек жазылып аяқталған болатын, сол кезде айтарлықтай өзгертілген опера көпшілікке үздіктігін мойындатты.
«Вальпургий түні». Ортағасырлық герман халқының ырымына байланысты Вальпургий түні Броккенде Гарц тауында өздерінің жылдық әзәзілдік пері ойнағына жиналады. Перілердің балеттік сюитасында Вакхам мен Панның басшылығымен нимфалар, дриадалар мен сатиралар айырбасталады. Сюита 7 музыкалық нөмірлерден тұрады, онда Гуноның әуендік ерекше қабілеті жарқын көрсетілген. Осының арқасында, сондай-ақ «сиқырлы» сюжеттің арқасында, «Вальпургий түнін» өздігінше бір актты балет ретінде жиі қояды.