SÖZ
Әуел баста сөз болған. Сөз адамдарды жақындастырған. Сезім, қоғам, өркениет қалыптасқан. Содан соң билік, тәртіп, авторитаризм... Күндердің күнінде сөз жоғалды. Мылқау қоғам мен үш адам.
Бұл спектакль aLqa жобасы аясында сахналанды. aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді. Жоба аясында драматургия, режиссура бойынша курстар өткізіліп, курсқа іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер сол пьесалардан спектакль қойды. Драматургия курсын әннәс Бағдат, режиссура курсын белгілі актер, режиссер, театр педагогы Куба Адылов жүргізді.