Репертуар театра им. Станиславского

Корсикалық бикеш жүрегі (КАТМК)

Оқиға 1799 жылы орын алады. Граф Дидье Лавалетт Францияға оралып, келісімшартқа сәйкес 24 сағат ішінде кедей қызына үйленуі керек. Егер шартты орындамаса, елі туралы да, өз мүлкінің қайтарымы туралы да, қауіпсіз өмір туралы да ұмыта берсе болады. 

Дәл осы уақытта қыдырма әртістер қалада операларын орындап, біраз қаражат жинау мақсатында Фрейжосқа келеді. Театр құрамында өнері сұлулығына сай, бұлбұлдай сайраған дауыс иесі Тереза есімді жас актриса бар. Олар алаңда тоқтап, өздерінің орындауларын тамашалауға көрермендерді қызықтыра бастады. 

Труппаның директоры Россиньоль Терезаны қойылым билеттерін сатуға мәжбүрлейді. Дәл осы жерде оны Лавилетт кезіктіріп, өзіне тұрмысқа шығуға көндіре бастайды. Труппамен қатарлас қалаға жұмыс іздеп Даниель деген әлдебіреу келеді. Ол өзін цирюльник ретінде таныстырып, көшеде қойылым билеттерін сатып жүрген өзінің бөлесі Терезаны кездестіреді. 

Әрі қарай не болады екен?.. Әрі қарай біз кейіпкерлерді тек жеті жыл өткен соң ғана көретін боламыз!.. Жұмбақ түрде Лавалетт пен Терезаның неке шартының жартысы қазір Наполеонның шляпасында тап болады, ал Тереза театрдың әйгілі примадоннасы болып, Терезина атанады. Наполеонның әпкесі және боргезенің әйелі Паулина Даниельмен сырласады. Боргезе болса Терезинаға қызығушылық танытады, алайда өз жолын Терезинаны ұнатып қалған Наполеонға береді екен. 

Наполеонның шляпасы ғашықтар тағдырында ерекше рөл атқарды: бұрын Лавалетт пен Терезинаны ажыратып, кейін некені растайтын қағаздың жартысын өзінде жасырып, ғашықтарды қайта қосады. Оқиғаның бақытты аяқталуы мен Корсика секілді әлемдегі ең әсем жердің атын шығару!