Дала үні
«Дала үні»
2 бөлімді балет
Әдеби-көркемдік либретто авторы – Бақыт Қайырбеков
Либреттоның хореографиялық адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель
«Астана Опера» театрының сахнасында танымал хореограф Патрик де БАНАНЫҢ қойылымындағы «Дала үні» балеті көрсетіледі.
Бұл – заманауи хореография тілімен баяндалған ержүрек Шебердің асқақ арманы туралы өсиет әңгіме.
Хореографтың мақсаты – оқиғаны баяндамау, керісінше айналасына көрерменнің өзі жеке сюжет құра алатын үзінділерді көрсету. Міне, сол кезде Самұрық құс туралы аңыз поэзиялық тұспалға айналып, қаһарманның өмір жолын бақылауға мүмкіндік береді. Ал аталған поэзиялық аллегорияға әмбебап сипат үстеу үшін хореограф Бақсы, Әке, Ана, Ұлдың... жиынтық бейнелеріне жүгінеді.
Осылайша қайта бұзу мен қайта жаңғырту жолын жүре отырып, хореограф бізге бастама бағытын ашады – тағдырдың игілігімен бала сынақтардан өтіп, ерге, ал ер Шеберге айналады.
Балетте Қуат Шілдебаев, Ренат Гайсин, Төлеген Момбеков, Карлос Пино-Кинтананың туындылары, сондай-ақ «Тұран», «Хассақ» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері және «Steppe Sons» этно-джаз тобының репертуарындағы музыкалық композициялар пайдаланылған.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
Муза – Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ
Анасы – Аделина ТӨЛЕПОВА / Әсел ШӘЙКЕНОВА
Әкесі – Жәнібек АХМЕДИЕВ / Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Ұлы – Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ / Бекзат ОРЫНБАЕВ
Бақсы – Сұлтанбек ҒҰМАР / Серік НАҚЫСПЕКОВ
Қара киімдегі адам – Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ / Ислам ҚАЙЫПБАЙ
Ат – Ислам ҚАЙЫПБАЙ / Данияр ЖҰМАТАЕВ
Қыран – Бостан ҚОЖАБЕКОВ / Нима ТОКОВ
Қасқыр – Бейбарыс АҚАРЫС / Руслан ҚАНАҒАТ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ
Балет труппасының көркемдік жетекшісі –
Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА
Спектакль аудиожазбамен өтеді
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.