«ЗОЛУШКА»
АБАЙ атындағы МАОБТ ГАСТРОЛІ
2019 жылғы 7 шілде
Дж. Россини
«КҮЛБИКЕШ»
3 бөлімді опера
Абай атындағы МАОБТ премьерасы 2017 жылы өтті
Музыкалық жетекші – Асқар БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер – Ерболат АХМЕДИЯРОВ
Режиссер – Ләйлім ИМАНҒАЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Суретші – Вячеслав ОКУНЕВ, Ресейдің Халық суретшісі, РФ мен ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (Санкт-Петербор)
Хормейстер – Әлия ТЕМІРБЕКОВА, Абай атындағы МАОБТ бас хормейстері
Мультимедия суретшісі – Виктория ЗЛОТНИКОВА (Санкт-Петербор)
Екі жүз жыл бұрын Рождество күндері «Валле» Рим театрының тапсырысы бойынша небәрі жиырма төрт күн ішінде жазылған Джоаккино Россинидің ең үздік операларының бірі – «Күлбикеш», толық атауы «Күлбикеш немесе Ізгілік салтанаты».
Операның премьерасы 1817 жылы 25 қаңтарда Римде өткен, одан кейін «Күлбикеш» ұлы композитордың ең көп орындалатын операларының біріне айналды. Ханзаданы кездестірген кедей қыз туралы Ш.Перроның танымал ертегі желісін Джоаккино Россини мен либреттошы Якопо Ферретти жаңа кейіпкерлермен, кездейсоқ орын алатын оқиғалармен, жалынды әзіл-сықақ, күтпеген қызықтармен толықтыра отырып, оны күлдіргі операға айналдырды. Алғашқы дыбысынан-ақ опера өзінің ғажайып әсемдігімен, тапқырлығымен әрі сиқырлығымен баурап алады. Онда Россини опера кейіпкерлерін түрлі күлкілі жағдайларға қалдыра отырып, адами әлсіздіктерді әжуалайды.
Екі ғасыр бойы «Күлбикеш» әлемнің ең үздік опера театрлары репертуарларының сәнін келтіруде. Тура екі жүз жыл толған кезде, Россинидің осынау жауһар туындысы Қазақстанда алғаш рет Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында ұсынылды!
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР:
Күлбикеш (Ченерентола), дон Маньификоның өгей қызы – Оксана ДАВЫДЕНКО
Дон Рамиро, Ханзада – Дамир САДУАХАСОВ
Дандини, оның қызметшісі – Эмиль САКАВОВ
Дон Маньифико, барон – Олег ТАТАМИРОВ
Алидоро – Таир ТӘЖІ
Оның қыздары:
Клоринда – Зарина АЛТЫНБАЕВА
Тисбе – Нәдия НӘДЕНОВА
Абай атындағы МАОБТ хоры және оркестрі