Күлбике

Либретто авторы (Ш.Перро ертегісінің желісімен) және хореограф – зор табысқа кенелген How long is Now? («Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?») және «Бетховен – Мәңгілік – Махаббат» бір бөлімді балеттерімен көрермендерімізге жақсы таныс Раймондо Ребек.

Балет бәрімізге белгілі Күлбике туралы ертегі хикаясын заманауи тұрғыдан ұсынады. Ертегі желісі мен кейіпкерлер сақталады, ал оқиға орны мен уақыты рококо дәуірінен қазіргі уақытқа ауысады әрі сол заманға кері қайтарылады. Күлбике мен Ханзаданың романтикалық қарым-қатынасы олардың шығармашылық ой-мұраттарының аясында ашыла түседі: Күлбике (Элла) кутюрье болуды, ал Ханзада – композитор және ди-джей болуды армандайды.

«Астана Опера» симфониялық оркестрінің орындауында Сергей Прокофьевтің музыкасы Джимми Дюрант, Билли Рэй Сайрус, Луи Армстронгтың заманауи танымал композицияларының атмосфералық акустикалық дыбысталуымен толықтырылған.

Балет хореографиясы поп-би мен брейк-данс элементтері орын алатын неоклассикалық стильде жасалған.

«Күлбике» балеті – өмірлік мән-жайлар мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, өз арманын іске асыру мүмкіндігі идеясы көрініс табатын, отбасымен бірге көруге арналған ізгі әрі көркем спектакль.

 

КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР

30 желтоқсан * сенбі * 12.00

Күлбике –              Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Ханзада –              Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ

Мейірімді періште – Сұлтанбек ҒҰМАР

Өгей шешесі –       Әсел ШӘЙКЕНОВА

Өгей әпкесі Түшкіргіш –      Мөлдір ШӘКІМОВА

Өгей әпкесі Тәтті құмар –    Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА

Патша –                 Бейбарыс АҚАРЫС

Патшайым –          Алина ХАЛИМОЛЛА

Екі дос–                 Ислам ҚАЙЫПБАЙ, Данияр ЖҰМАТАЕВ

Би шебері –           Олжас ТАРЛАНОВ

Шаштараз–            Қуат КӘРІБАЕВ

Рәсім шебері –       Олжас ТАРЛАНОВ

КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР

30 желтоқсан * сенбі * 17.00

31 желтоқсан * жексенбі * 17.00

Күлбике –              Шұғыла ӘДЕПХАН /

                              Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Ханзада –              Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                      Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ

Мейірімді періште – Арман УРАЗОВ / Сұлтанбек ҒҰМАР

Өгей шешесі –       Әсел ШӘЙКЕНОВА /

                              Аделина ТУЛЕПОВА (дебют)

Өгей әпкесі Түшкіргіш –      Мөлдір ШӘКІМОВА / Алина ЗЫРЯНОВА (дебют)

Өгей әпкесі Тәтті құмар –    Назира ЗАЕТОВА / Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА

Патша –                 Бейбарыс АҚАРЫС / Бостан ҚОЖАБЕКОВ

Патшайым –          Алина ХАЛИМОЛЛА / Гүлнұр ҚАЙСАРОВА

Екі дос–                 Ислам ҚАЙЫПБАЙ, Данияр ЖҰМАТАЕВ

Би шебері –           Олжас ТАРЛАНОВ / Жәнібек АХМЕДИЕВ

Шаштараз–            Қуат КӘРІБАЕВ

Рәсім шебері –       Олжас ТАРЛАНОВ / Жәнібек АХМЕДИЕВ

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек

Әрлеуші композитор – Дэвидсон Джаконелло

Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

Сценограф – Йоко Сеяма

Жарық бойынша суретші – Тим Вацлавек

Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли

Костюмдер бойынша суретші – Франсуа-Ноэль Шерпин

Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі

«АСТАНА ОПЕРА» СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.