ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Жібек

Жібек

Сипаттама

«Қыз Жібек» мәңгілік махаббат жыры. Шекті руының айдай сұлу аруы Жібек пен Жағалбайлы руының батыры, сері Төлегеннің арасында тұтанған сезім шоғы кіршіксіз махаббатқа ұласады. Алайда махаббат барда қызғаныштың да қатар жүруі өмір заңдылығы емес пе? Жібек аруға бұрыннан ғашық сол ауылдың Бекежан есімді батыры да сұлудан дәмелі көңілін жасырмай, махаббат үшін ашық айқасқа түседі. Қайшылыққа толы күрестің соңы орны толмас өкінішке ұласады...

Ғасырды ғасырға жалғаған жауһар жырдың Жастар театры сахнасында жандану мен тіл қату әдісі де, «сөйлеу» қалыбы да өзгеше. Евгений Брусиловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрерменін формалық, идеялық һәм көркемдік ерекшелігімен баурайды. Қазақтың байырғы салты бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастардың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махаббаты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бей-жай қалдырмайды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Жібек Назерке СЕРІКБОЛОВА

Айым ЖҮСІПБЕКОВА

Төлеген Мейірғат АМАНГЕЛДИН

Бекежан Бекжан КЕРІМБАЕВ

Данияр УРАЗАЕВ

Асланбек ЖАНҰЗАҚОВ

Шеге Жандаулет БАТАЙ

Нұрбек АЛИБЕК

Дүрия Шехназа ҚЫЗЫХАНОВА

Айман ЕСЕНҚЫЗЫ

Марапаттар:

1. DIMF XII Халықаралық мюзикл фестивалі (Оңтүстік Корея, 2018)

Арнайы диплом

2. Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының

XXVІ Республикалық фестивалі (Алматы, 2018) «Үздік спектакль» Гран-при

3. XII Халықаралық Түркітілдес елдер арасындағы «Мың тыныс - бір дауыс» фестивалі (Конья, 2019) Арнайы диплом

4. ІІІ Халықаралық «Өркендеу дәуіріндегі театр өнері» фестивалі (Ашхабад, 2019) Арнайы диплом

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

  • Автор

    Ғ. Мүсірепов

  • Премьера күні

    Сәуір, 2018 жыл

  • Либретто

    Ғ.Мүсірепов

  • Музыка

    Е.Брусиловский

  • Қоюшы режиссер

    Нұрқанат Жақыпбай ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

  • Жанр

    мюзикл

  • Ұзақтығы

    1 сағат, 15 мин

  • Жас шектеуі

    12+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Наурыз
    Сәрс
    Театр «Жастар»
    Зал
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸