rebranding

«Жанымды тербеткен әуен»

2023 / 2024               Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                      XІ маусым

27 қыркүйек * сәрсенбі * 19.00

 

Концерт

«Жанымды тербеткен әуен»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Тыңдарман көпшіліктің сұранысына сәйкес Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры жаңа маусымды хорға өңделген халық әндерімен, сондай-ақ қазақстандық композиторлардың шлягеріне айналған әуендер шырқалатын жарқын концерттік бағдарламамен ашады.

2004 жылы мамырда құрылған қазақстандық хор ұжымы еліміз бен шетелдерде кеңінен танымал. Көптеген гастрольдері, ең беделді сахналарда өнер көрсетулері, республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістері ұжымның орындаушылық мәдениетінің жоғары екендігінің куәсі. Камералық хордың марапаттары қатарында – «Хайнувка» халықаралық діни музыка фестивалінің XXV Гран-приі және XXX I-дәрежелі сыйылығы (Польша), World Choir Games-тің екі Алтын медалі, Дүниежүзілік хор форумының екі Алтын кубогы (Қытай), «Астана – ән қанатында» халықаралық хор өнері фестивалінің, «Жұбанов көктемі – 2012» халықаралық фестивалінің Гран-приі және тағы басқа жүлделері бар.

Хор ұжымының ауқымды репертуары ұлттық және әлемдік классика шығармаларын қамтиды.

Концерт бағдарламасында Н.Тілендиев, І.Жақанов, Ш.Қалдаяқов, М.Құсайынов, Т.Мұхамеджанов, М.Омаров, Ә.Бейсеуов, А.Зацепин, Е.Әбдіхалықованың және басқа да композиторлардың әндері шырқалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры

Көркемдік жетекші әрі бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова

 

Бас  хормейстер – Данара Ташатова

Концертмейстер – Гүлден Базыкен

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.