Үй таңдаған лақ
Сипаттама
Ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұрған лақ пен қозының, тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан, баспаналарының шатыры тесіледі. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа үй іздеп, жолға шығады.
Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын жасауға кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолда түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол, орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша, өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.
Авторы
Ә.Файзуллаұлы
Жан
Ертегі
Ұзақтығы
35 минут
Жас санаты
2+
Қосымша
Спектакль қазақ тілінде өтеді
Кесте
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ
Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз