СЕГІЗ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

Концерт

«СЕГІЗ ЖЫЛ МЕЗГІЛІ»

(А.Вивальди, А.Пьяццолла)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

«Сегіз жыл мезгілі» концерті дәстүр бойынша Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдың концерттік маусымын ашып, Халықаралық музыка күніне, сондай-ақ классикалық музыканың барша бағалаушыларына арналады.

1723 жылы Вивальди жазған «Жыл мезгілдері» топтамасы барокко музыкасының озық үлгілерінің бірі әрі әлем мәдениетінің сөзсіз жетістігі болды. Ұлы венециандықтың 550 шығармасының ішінен әлі күнге дейін ең жиі орындалатын осы «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» төрт концерті болып табылады.

Астор Пьяццолланың есімі талғампаз көрермендер мен аргентиналық тангоның табынушыларына жақсы таныс. Ол өзінің қайталанбас құбылысын сақтап қалған «халықтық» тангоны асқақ өнерге, қазіргі заманғы классикаға айналдыра алды. Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» топтамасы – өзіне джаз бен классикалық музыка элементтерін игерген тангоның жаңаша дыбысталуы.

Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» және Астор Пьяццолланың шығармалары – өз заманындағы музыка мәдениетінің ең жарқын құбылыстарының қатарында. Бірінші кезекте сан алуан музыкалық стильдерге тиесілі түрлі құрлықтарда дүниеге келген және екі ғасырдан астам тарихы бар кезеңдермен бөлінген композиторлардың шығармаларын салыстыру – батылдық әрі күтпеген жайт. Венеция мен Буэнос-Айрес, барокко дәуірінің аспаптық concerto grosso жанры мен аргентиналық танго…

БАҒДАРЛАМАДА:

Антонио Вивальди. «Жыл мезгілдері»

Астор Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.