Scorpions в Алматы

Вольфганг Амадей Моцарт

2022/2023  Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал    Х маусым

19 мамыр * жұма * 19.00

 

«Шамшырақ жарығында орындалған музыка»

топтамасы

Екінші концерт

 

Вольфганг Амадей Моцарт

 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Салтанат Әбілханова «Шамшырақ жарығында орындалған музыка» топтамасынан ұлы Моцартқа арналған бірінші концертті ұсынады. Кеш бағдарламасына веналық ұлы классиктің скрипкаға арналған сонаталары енген.

Моцарт скрипкаға арналған алғашқы сонатасын 1762 жылы 6 жасында жаза бастағаны белгілі, соңғысы 1788 жылы №39, 40 және 41 симфониялармен бір жылда пайда болды. Композитор скрипкаға арналған жалпы саны отыздан астам соната жазды.

Скрипка мен фортепиано арасындағы осынау «музыкалық әңгімелер» ғажайып жолмен, Моцарт бейнесіне толықтай сәйкестікте туындаған – құстар қалай құйқылжыта ән салып, сайраса, кемеңгердің сонаталары да еш қиындықсыз өзінен-өзі шығарылғандай.

Сонымен қатар, концертте музыканттар әлем жұртшылығы 190-жылдығын тойлап жатқан неміс романтигі Иоганесс Брамстың туындысын орындайды.

 

БАҒДАРЛАМА:

Вольфганг Амадей Моцарт (1764-1779)

 

Скрипка мен фортепианоға арналған № 1 соната, до мажор, КV 6

1. Allegro

2. Andante

3. Menuetto I-II

4. Allegro molto

 

Скрипка мен фортепианоға арналған № 3 соната, cи-бемоль мажор, KV 8

1. Allegro

2. Andante grazioso

3. Menuetto I - Menuetto II

 

Скрипка мен фортепианоға арналған 5 соната, ми-бемоль мажор, KV 26

1. Molto allegro

2. Adagio poco Andante

3. Rondo. Allegro

 

И.Брамс. Скрипка мен фортепианоға арналған № 1 соната, соль мажор, op.78

1. Vivace ma non troppo

2. Adagio

3. Allegro molto moderato

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Салтанат ӘБІЛХАНОВА (фортепиано)

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.