97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Vivat Academia!

Концерт

 «Vivat Academia!»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Танымалдыққа ие болып үлгерген «ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы ұсынады» топтамасы аясындағы үш музыкалық кештің екіншісіне тенор Мерей Қадырханов, баритондар – Сұлтан Бақытжан, Бекұлан Ерболатұлы және академия солистері қатысады. Бұл екінші лек студенттерінің қорытынды өнер көрсетуі.

«Vivat Academia!» концертінің бағдарламасында әлемдік опера классикасының жауһарларымен қатар халық әндері де шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

Мерей Қадырханов (тенор)

Сұлтан Бақытжан (баритон)

Бекұлан Ерболатұлы (баритон)

 

Лейла Аламанова (сопрано)

Нұрсұлтан Әнуарбек (тенор)

Юрица Юрасич Капун (баритон)

Нематилло Зкруллаев (баритон)

Фируза Рахметова (сопрано)

Анастасия Ремескова (сопрано)

Шохрух Юнусов (тенор)

Вокал бойынша тәлімгерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері

Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина

Фортепиано партиясы –

Дина Мирманова, Жанар Ахметова

Концерт жүргізушісі – Айсұлу Тәни

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.