Винни Пух және оның достары
Сипаттама
Винни-Пух - кішкентай ойыншық аю. Оның басынан түрлі қызықты оқиғалар өтеді. Бір күні, түзеңге шығып, үстіңгі жағында әлденәрсе дызылдап тұрған үлкен емен ағашын көреді. Бостан-босқа ештеңе дызылдамайды, сөйтіп Винни-Пух ағашқа бал іздеп мінеді.
Шөп арасындағы бұтақтарға құлап түсіп, аю Пятачокты кездестіреді, оның қолында түрлі-түсті шарлар бар екен. Солардың көмегімен Винни-Пух көкке көтеріліп, «бұлттың арнайы әнін» шырқай бастайды.
Алайда, Винни-Пухтың ойынша, аралар бірнәрседен күдіктене бастап, бірінен кейін бірі ұяларынан ұшып шығып, аюды шаға бастайды. («Бұлар дұрыс емес аралар, - деп түсінеді аю, - олар дұрыс емес бал да жасайтын шығар».)
Сөйтіп Винни-Пух Пятачоктан шарларды атып түсіруін сұрайды. «Олар бұзылып кетеді ғой», Пятачок. «Егер атпасаң, бұзылатын кезек менікі болады», - дейді Винни-Пух. Содан кейін аю жерге түседі. Алайда бір апта бойы абдың қолдары жоғары көтеріліп тұрып, ол қолдарын еш қозғай алмады.
Егер оның мұрнына шыбын қонса, аюға «Пухх! Пуххх!» деп үрлеуге тура келетін еді. Бәлкім, сондықтан да достары оны Пух деп атап кеткен шығар. Аю мен оның достарын көптеген қызықты оқиғалар күтуде.
Өтетін орны
Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2.
Авторы
Н. Корниенко
Премьерасы
2006 жылғы 19 қараша
Ұзақтығы
1 сағат
Қоюшы-режиссер
Н. Корниенко
Сценография
А. Қажығалиева
Композитор
Роман Калошин
Қуыршақ суретшісі
Л. Ковалева
Костюм бойынша суретші
Л. Ковалева
Ұйымдастырушы
Юрий Кригер.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 25ҚаңтарСенбKATMKҚызыл залбастап 700 ₸бастап 700 ₸