Lara Fabian в Казахстане

Венский бал

Венский балӨтетін орны: Орал қаласы, Қадыр Мырза ш / а 12/2, «Атамекен» өнер орталығы

Күні: 28 ақпан 2023 жылы

Басталуы: 19:00

Орындайтын: Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі

Бас дирижер: Никита Говоров

Солистер: Ақсұлу Жумалиева, Альбина Наурзалиева, Айбар Хайырханов, Дамир Сатыбаев

Ұзақтығы: 80 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша: 

 

Вена – музыканың әлемдік астанасы. Вальс королі атанған Иоганн Штраустің атын әлемге танытқан Вена вальсі – осы көне қаланың визит картасы және танымал бренді. Осындай сүйікті балдардың өкінішке орай тарихы тым қысқа  болып келеді. Қазіргі таңда жиі ұйымдастырылып тұратын балдарға 1814-1815 жылдары өткен барлық европалық елдердің саяси элитасы жиналған Вена конгрессі мұрындық болды. Үздіксіз балдар, маскарадтар мен сауық шаралардан тұрған Вена когрессін «билейтін конгресс» деп атап кетті. Штраус вальстерінің Вена қаласынан Европаға және әлемге салтанатты шеруі 19-шы ғасырдың бірінші жартысында басталып, вена балдарын әлемге танытты.

Аталмыш концертте И.Штраус, Д.Россини, Д.Пуччини, П.И.Чайковский, Я.Сибелиус, А.И.Хачатурян  және т.б. әйгілі музыка алыптарының өшпес шығармалары орындалады.