rebranding

Вокалдық музыка кеші

Вокалдық музыка кеші
НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВАНЫҢ
І халықаралық вокалдық өнер байқауы
лауреаттары мен дипломанттарының концерті


КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ


Қазақстандық опера жұлдызы – Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Нұржамал Үсенбаева көптеген елде танымалдылыққа ие. Жаздың алғашқы күндері (1-4 маусым аралығы) Астана Нұржамал Үсенбаеваның І халықаралық вокалдық өнер байқауының қонақтары мен қатысушыларын қарсы алады, мұнда Италия, Германия, Болгария, Австрия, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және тағы басқа елдерден келетін белгілі опера әншілері – қазылар алқасының мүшелері және жас орындаушылар бас қосады.
Бұл шығармашылық сайыс жас әртістер үшін тамаша бастау алаңына айналады – олардың даралығы, музыкалық әрі әртістік әлеуеті ашылып, әйгілі опера театрларының сахналарында дебют жасау мүмкіндігі туады...
Өзге марапаттар қатарында лауреаттар мен дипломанттарға «Астана Опера» театры атынан арнайы жүлде ретінде К.Байсейітова атындағы Камералық залда өнер көрсету сертификаты табысталады – бұл Нұржамал Үсенбаева байқауының жеңімпаздары дебют жасайтын алғашқы сахна болмақ. 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.