«Скрипкаға арналған миниатюралар кеші»
2018 / 2019 Камералық зал VI маусым
1 ақпан * жұма * 19.00
«Скрипкаға арналған миниатюралар кеші»
топтамасынан концерт
Миниатюра – көптеген композиторлардың сүйікті жанры. Күнделіктің әр парағындағы сәт секілді авторлар бұл жанрда өздерінің ішкі жан-дүниесін, қас-қағымдағы көңіл-күйін ақтарып отырған. Адам мен оның сезімінің сырлы дүниесі жайлы көп айтылған ХІХ ғасырдағы романтизм дәуірінің музыкасында миниатюра шарықтау шегіне жеткен. Бірақ Ф.Шуберт, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, Ф.Шопенмен қатар оны И.С.Бах пен Ф.Куперен де сүйіп өткен; қазіргі замандастары да жақсы көреді.
Скрипкаға арналған кеш бағдарламасының түрлілігі сонша, тіпті ең талғампаз деген қауымның көңілінен шығып, қанағаттандыра алады. Миниатюра жанрында жазылған классик композиторлардың туындылары, сонымен қатар танымал қазақстандық музыканттар – халықаралық байқаулар лауреаттарының орындауындағы аспаптық күйлердің өңдеулері шырқалатын болады.
Сіздер кеңінен таныс болған әуендерді тыңдап әрі бірегей ансамбльден ләззат ала отырып, музыкалық аспаптардың ханшайымы – скрипканың тембрлік артықшылықтарын бағалай аласыздар.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Асқар Дүйсенбаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (скрипка)
Мәдина Бекмадиева (скрипка)
Мақсат Мадыкаримов (баян)
Арман Жайым (фортепиано)
Алмат Сайжан (қыл-қобыз)
Дана Дүйсенбаева (фортепиано)
БАҒДАРЛАМА:
Г.Венявский. Скрипка мен фортепианоға арналған «Аңыз»
А.Венявский. Скрипка мен фортепианоға арналған «Скерцо-тарантелла», соль минор
Н.Паганини. «Кампанелла»
М.Равель. «Сыған қызы», Скрипка мен фортепианоға арналған рапсодия
Ж.Бизе–Ф.Ваксман. Ж.Бизенің «Кармен» операсы тақырыптарына Фантазия
И.Фролов. Дж.Гершвиннің «Порги мен Бесс» операсы тақырыптарына Концерттік фантазия
Д.Шостакович. Екі скрипкаға арналған 5 пьеса
К.Ахмедьяров. «Мұнайша Ақжелен»
А.Жайым. «Скерцо»
Н.Мендіғалиев. «Домбыра туралы аңыз» поэмасы
Күй тартыс
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығрамаларды ауыстыру құқығын қалдырады