«Жел әуені». «Мені еден астында жерлеңдер». «TOTAL FEST. Диалогтар»

«TOTAL FEST. Диалогтар» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында «Тотальный театр» компаниясының ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен: Магнитогорск, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қарағанды, Алматы, Таллин, Венадан келген жасөспірімдер мен жастарға арналған үздік қойылымдарды жинады.

Фестиваль Алматы қаласында 2024 жылдың 7-14 сәуірі аралығында өтеді.

I бөлім «Жел әуені» 16+

Надежда Костюктың авторлық жобасы (Омкс қ.)

II бөлім «Мені еден астында жерлеңдер» 16+ (қойылымда балағат сөздер қолданылады

Роман Боклановтың халықаралық авторлық жобасы (Еуропа- Қазақстан)

«ЖЕЛ ӘУЕНІ» 

Жанры: Т.Томах повесіне негізделген суретті монолог

Театр: Омбы қаласының тумасы Надежда Костюктің авторлық жобасы

Ұжым: 

Актриса және идея авторы: Надежда Костюк (Омбы қ.)
Режиссер: Полина Кардымон (Новосибирск қ.)
Қойылымның авторы: Егор Зайцев (Мәскеу қаласы)
Композитор: Виктория Карловски (Омбы қ.)
Суретші: Алеся Баламутина (Новосибирск қ.)
Бейнемонтаж: Егор Попков (Новосибирск қ.)

Сипаттама:

«Жел әуені» қойылымы жасөспірімдердің өздері аңғармайтын және көңіліне ілікпейтін өткір мәселелердің сырын шертеді. Ата-ананың ажырасуы балаларға қандай әсер тигізеді? Балалық шағымызды әнге толыстырған музыканы сақтай алдық па? Сол бір бейнеге әлі күнге дейін сенеміз бе? Алғашқы махаббат үшін қандай қадамдарға дайынбыз? Осы «Біз» деп отырғанымыз бір адамның бойына, дәлірек айтқанда күрделі сұрақтардың жауабын іздестіруге қашық болмаған Ника Мурашова есімді қыздың бойына салынған ұғым болмақ. 

Марапаттар:

- 26 қараша-4 желтоқсан 2022 Новосибирск қаласы, V Бүкілресейлік «Бір. Екі. Үш» камералық спектакльдер фестиваль-конкурсында «Үздік актриса» номинациясының жеңімпазы

- «ЧАТ» III Бүкілресейлік моноспектаклдер фестивалінің лауреаты (Омбы қ., сәуір 2021)

- Спектакль РФ СТД-ның 2019 жылғы Мемлекеттік стипендиясының лауреаты болып табылады.

- Автордың аттас әңгімесі 2018 жылы Сергей Михалков атындағы VI Халықаралық байқаудың 3 сыйлығының лауреаты атанды.

«МЕНІ ЕДЕН АСТЫНДА ЖЕРЛЕҢДЕР»

Жанры: Павел Санаевтың өмірбаяндық әңгімесі бойынша өткен күндер заттары бар моноспектакль

Театр: Роман Боклановтың халықаралық жобасы

Ұжым:

Режиссер, қойылымның авторы, әртіс: Роман Бокланов
Жарық суретшісі: Анастасия Кузнецова

Сипаттама: Ата-әжесімен бірге тұратын Саша Савельев есімді бала туралы оқиға. Оның балалық шағы айтарлықтай қарапайым және жайбырақат емес, себебі ең жақын туыстарының қатыгездігі мен қатал махаббаты оның көзін соқыр байлап, тынысын тарылтуға дейін жеткізеді. Жайлы ошақтың мекені бола алмаған үйлері бұл жанұя үшін нағыз шайқас алаңына айналады. Осындай жолмен қол жеткізілген махаббаттың сұрауы қандай? 

«Мені еден астында жерлеңдер» моноспектаклі - бұл жақындары қоршап қойған күрделі де түсініксіз ересек әлемінің қамалын, жалғыздық пен қатыгездіктің күшін бұзып шығу кішкентай бала үшін қаншалықты қиынға соғатынын бейнелейтін ерекше қайғылы әңгіме. 

Алғаш рет Австрияда, Вена қаласында 2024 жылғы 17 наурызда ойналды.