Барокко дәуіріндегі француз музыкасының кеші
Барокко дәуіріндегі
француз музыкасының кеші
Dala Classic музыкалық агенттігі және Viles Nobiles ансамблі тыңдармандарын музыкалық олжаға толы қызықты кешке шақырады.
Жаңа музыканы ашу орындаушы үшін де, тыңдарман үшін де – ғажап оқиға. Концерт ең жарқын ұлттық мектептердің бірі – француз мектебіне және ең құпиялы әрі «кірпияз» музыкалық кезеңдердің бірі – барокко дәуіріне арналады.
Бұл тоғысу тыңдармандарға өткен кезеңнің аспаптық жауһарларының ғажайып әлемін ашуға уәде береді.
БАҒДАРЛАМА:
Марен Маре (1656–1728)
Les Couplets de folies (Pièces de viole, Livre II, 1701)
Георг Филипп Телеман (1681–1767)
Париж квартеті № 4, TWV 43:h2, b minor
Жан-Мари Леклер (1697–1764)
Флейта мен бассо континуоға арналған № 1 соната, ор.2, e minor
Жан-Фери Ребе́ль (1666–1747)
Скрипка мен бассо континуоға арналған № 11 соната, flat major-да
Франсуа Куперен (1668–1733)
«La visionnaire» соната триосы, minor-мен
*ұйымдастырушы концерт бағдарламасына өзгерістер енгізуге құқылы.
Viles Nobiles ансамблі:
Александр Тхай (скрипка)
Ержан Кушанов (флейта)
Вадим Вайнштейн (виола да гамба)
Ильяс Бекишев (клавесин)
Viles Nobiles ансамблі 2018 жылы Алматыда құрылған.
Ұжым ерте бароккодан бастап қазіргі уақытқа дейінгі түрлі дәуір музыкасын орындайды.
2021 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының солистері Зарина Алтынбаева және Елена Никоновамен бірге ұжымның алғашқы альбомы жазылды.
2020 жылы Viles Nobiles ансамблімен бірге Зарина Алтынбаева Bliss International лейблімен «Барокко інжу-маржаны» жеке альбомын жарыққа шығарды.
Бүгінде ансамбль Қазақстан тыңдармандарына «Барокко музыкасы», La musica del Barocco, «Француз композиторлары шығармаларының кеші» концерттік бағдарламаларын ұсынып үлгерді.
Барокко дәуірі орындаушылық өнерді бұрын-соңды болмаған биікке көтерген еді. Музыкалық аспаптарда ойнау өзінің шарықтау шегіне жеткендей болды, бірақ ешбір аспап барокко рухын скрипкадай шынайы жеткізе алмады. Аспаптың өзі үлкен өзгерістерге ұшырап, технологиялық жағынан жетілді.
Ал флейталық музыка барокко дәуірі мәдениетінің маңызды межесіне айналды.
Виола да гамба – бұл көне музыкалық аспап қана емес, ол музыканттар буыны мен музыка бағалаушыларын байланыстыратын дәуір мұрасы. Өзінің қайталанбас үні мен санғасырлық тарихының арқасында виола да гамба тыңдармандарын әлі таңқалдырып келеді.
Барокко дәуірінің аспапты ансамбльдері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бірақ ол кездегі музыкалық аспаптардың бәрінің қазіргідей кейпі болмаған, ал кейбірі мүлдем ойлап табылмаған. Ол дәуірдің негізгі аспабы – фортепианоның ізашары клавесин.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.