Вечер балетов (в двух отделениях) «Astana Opera»
БАЛЕТ КЕШІ
Михаил Фокиннің хореографиясындағы Күміс ғасыр балеттері
Екі бөлімді
Ф.Шопеннің музыкасына
«ШОПЕНИАНА»
_________________________
Н.Римский-Корсаковтың музыкасына
«ШЕХЕРАЗАДА»
XIX және XX ғасыр тоғысында орыс балетіндегі жаңа бағыт, тың идеяларды қалыптастырушылардың бірі – дарынды балетмейстер М.Фокин болды. Ол орыс балет өнеріне орасан зор үлес қосып, идеялар мен бейнелердің аясын кеңейтті, оны жаңа үлгілермен, стильдермен байытты.
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі
Дирижер – Элмар БӨРІБАЕВ
Спектакльді жүргізуші режиссерлер – Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА
* * * * * * *
«ШОПЕНИАНА»
(Ф.Шопеннің музыкасына қойылған бір бөлімді балет)
Хореография авторы – Михаил Фокин
Қайта жаңғыртушы – Агриппина Ваганова (1931)
Декорациялар мен костюмдер Александр Бенуа, Орест Аллегри эскиздерінің негізінде
1908 жылы Михаил Фокин «бұрын ұмыт болған дәуір үлгісінде» сюжетсіз нұсқа шығарған, яғни оның айтуы бойынша «балет өнерінде поэзия үстемдік құрған уақыт, ал биші қыз балеттік аяқ-киімін (пуанты) болаттай мықты ұшын көрсету үшін кимеген, керісінше аяқ ұшын жерге тигізбестен, өзінің биі арқылы жеңілдік, қандай да бір ғажайып, керемет дүниені жасаған... Мен жаңашылдықпен таң қалдырғым келмейді, дегенмен шартты балет биін оның асқақ даму кезеңіне қайтаруға тырыстым. Балеттің негізін салушылар қалай билегенін білмеймін. Оны ешкім де білмейді. Бірақ менің арманымда олар дәл осылай билеген сияқты».
Шопен музыкасына үндес өткінші елестен құралып, хореографтың суреттеген барлық сюитасы өзінің терең ойлы сұлулығымен көрерменді баурап алады.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Бозбала – Данияр ЖҰМАТАЕВ
Жетінші вальс – Шұғыла ӘДЕПХАН
Он бірінші вальс – Мөлдір ШӘКІМОВА
Прелюд – Гүлназ ЖАНАЕВА
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Сценография – Виктор Караре
Костюмдер бойынша суретші – Арасель Досмұратова
Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони
_____________________________
«ШЕХЕРАЗАДА»
Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір бөлімді хореографиялық драма
«Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен сценарий жазған – Михаил Фокин
Хореография авторы – Михаил Фокин (1910). Реконструкция авторы – Андрис Лиепа
Декорациялар мен костюмдер Лев Бакст эскиздері негізінде жасалған
Сарайда іші пысып, жабырқаулы күйде отырған сұлтан Шахриарды күңдер мен сүйген жары Зобеида жұбатып, көңілін аулауда. Сұлтанның інісі Шахезман да осы жерде, сүйікті жұбайының опасыздығынан кейін ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан. Жеңгелеріне де сене қоймаған ол ағасына олардың адалдығын сынап көру жайлы ұсыныс тастайды. Аң аулауға аттанған екеуін әйелдері көңілдері босап, шығарып салады. Алайда үй қожайындары кете салысымен, әйелдері белсіздер басшысын алдап-сулап, гарем есігін ашқызады. Қара нәсілді құлдар ішке кіріп, арсыз жын-ойнақ басталады. Мұнда билік етуші Зобеида да өзінің сүйікті Құлымен көңіл көтеруде. «Сауық-сайран» қыза түскенде ағалы-інілі сұлтандар қайтып оралады. Шахезман сөзінің расталғанына қуануда, ал қаһарланған Шахриар осы жердегінің бәрін өлтіруге бұйрық береді. Сұлтанның қызметшілері күңдерді, белсіздер мен қара нәсілді құлдарды қылыштарымен жайратып тастайды. Шахриардың өзінен артық сенетін жұбайы Зобеида патшаға деген ықпалын қолданып, оның көңілін жұмсартуға тырысады. Сұлтан болса, оны өлімге қия алар емес. Бірақ зұлым інісі жек көрушілікпен Зобеиданың қылышпен шабылған көңілдесін нұсқайды. Шахриар жендеттерге белгі берген сәтте, әйелі сұлтанның қолындағы қанжарды алып, өз-өзіне қол жұмсап үлгереді. Шахриар опасыз болса да сүйікті жарының өлі денесіне қарап, егіле жылайды.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Зобеида – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алтын құл – Серік НАҚЫСПЕКОВ
Шахрияр – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Шахезман – Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ (дебют)
Бас белсіз – Ұлан БЕЙСЕНБАЕВ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы хореограф – Андрис Лиепа, Ресейдің Халық әртісі
Қоюшы хореографтың ассистенті – Светлана Романова
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы суретші – Анатолий Нежный
Костюмдер бойынша суретші – Елена Нецветаева-Долгалева
Жарық бойынша суретші – Виталий Давыдкин
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.