Scorpions в Алматы

«Балалар театрға шақырады»

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021           Камералық зал              VIIІ маусым

1 маусым * сейсенбі * 15.00

 

Концерт

«Балалар театрға шақырады»

Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Астана Операның» театрлық студиясы өзінің жыл сайынғы есептік концертін ұсынады.

Балалар студиясы 2013 жылы құрылды. Хор және балет студиясының тәрбиеленушілері – театр спектакльдері мен концерттік бағдарламаларының қатысушылары. Сондай-ақ олар театрдың гастрольдік спектакльдеріне де қатысады. Студияда өнерге деген қызығушылығы мол, сахналық дарыны мен музыкалық қабілеті бар балалар тәлім алуда. Студияның ең кішкентай қатысушысы 7 жаста, ал осы аз ғана аралықта тәрбиленушілер түлектер атанып, бүгінгі таңда Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуда.

Көрермендер студия тәрбиеленушілерін Дж.Пуччинидің «Богема», «Турандот» пен «Тоска», Ж.Бизенің «Кармен», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операларынан көре алады, ал балет студиясының жеткіншектері «Дон Кихот» спектаклінде Ла Скала театрының әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсеткен.

Көрермендерге хор ұжымы мен балет студиясының жеке әрі ұжымдық нөмірлерінен тұратын жарқын әрі мазмұнды бағдарлама ұсынылады.

Хор студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова, балет студиясының жетекшісі – Әмина Әлиева. Хормейстер – Әйгерім Амангельдиева, концертмейстерлер – Ирина Кургузкина мен Эльмира Сұлтанғазина. Концерттің режиссері – Николай Коршунов.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады