«ХХ ғасыр ырғағымен»

2022 / 2023                Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал     Х маусым

7 маусым * сәрсенбі * 19.00

 

Концерт

«ХХ ғасыр ырғағымен» 

(И.Стравинский, А.Пьяццолла)

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 40 минут 

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«XX ғасыр ырғағымен» концертінде әртүрлі Американың түрлі өңірлерінде: Игорь Стравинский – Солтүстігінде, Астор Пьяццолла – Оңтүстігінде өмір сүріп, шығармаларын өмірге әкеліп, әлемге екі түрлі музыкалық бағыттағы – неоклассикалық және танго нуэво стиліндегі дара туындыларын қалдырған XX ғасырдағы музыка өнерінің жарқын өкілдерінің шығармалары шырқалады.

                Стравинскийдің неоклассикалық кезеңінің алғашқы туындысы –«Пульчинелла» балетінен сюита орындалады. Перголезидің музыкасы оның қиялының шабыт көзіне айналған. Алайда ол жаңа үндестік үлгісінде өзінің партитурасына ұлы неаполитан музыкасынан жеке әуезді әндер мен ырғақты формулаларды мұқият әрі сүйіспеншілікпен енгізген.

Астор Пьяццолланың есімі құштарлыққа толы аргентиналық тангоның жанкүйерлеріне жақсы таныс. «Халықтық» тангоны жоғары өнерге, заманауи классикаға айналдырған да дәл өзі болатын, сонымен қатар бидің ерекше қызықты энергиясын толығымен сақтап қалған. «Танго тарихы» топтамасы – джаз бен классикалық музыканың ең жақсы элементтерін сіңірген тангоның жаңаша орындауы.

«XX ғасыр ырғағымен» концерті музыка сүйер қауымды қуантары сөзсіз.

                 

БАҒДАРЛАМАДА:

И.Стравинский. «Пульчинелла», балеттен сюита (Дж. Перголези бойынша)

1. Симфония 

2. Серенада 

3. Скерцино. Allegro. Andantino

4. Тарантелла 

5. Токката

6. Екі вариациямен гавот 

7. Дуэт 

8. Менуэт. Финал 

А.Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері». 

Төрт танго: «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз».

 

А.Пьяццолла. «Танго тарихы» 

«Бордель 1900»,  

«Дәмхана 1930», 

«Түнгі клуб 1960» 

«Бүгінгі концерт»

 

СОЛИСТТЕР:

Айсұлу ӘБІЛХАНОВА Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Карина АНИКУШИНА (скрипка) 

Әсем ЖАҚПАРОВА (скрипка) 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.