97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Бас кілтінде

 

2023 / 2024          Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал            ХІ маусым

14 шілде * жексенбі * 18.00

 

 

Аспаптық музыка концерті

«Бас кілтінде»

 

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

 

«Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртістері контрабас музыкасын сүйер қауымды көлемі бойынша ең үлкен әрі дыбысталуы зор аспапқа арнайы жазылған туындылардан тұратын концерттік бағдарламамен қайта қуантпақ.

Классицизм және кейінгі романтизм дәуірінің композиторлары контрабасқа арнап концерт жазуға бейім емес еді. Контрабастың дауысы тек «айтарлықтай жоғары» аспаптардың дыбысымен үйлесімділікте үндесіп қана қоймай, сонымен бірге жеке орындауға да лайықты деп шешкен алғашқы жандардың бірі – италиялық композитор әрі асқан шебер Доменико Драгонетти. Ол аспаптың беделін көтерді, оның ізімен Италияда контрабастың ерекшелігін жақсы түсінетін шеберлердің тұтас саңлақтар тобы пайда болды. Олардың қатарында Джованни Боттезини де бар: ол оркестр әуенінен аспаптың үнін қалай ажыратуға болатынын білді.

         Осы бір керемет аспаптың дауысы камералық музыка кешінің көркін аша түспек. «Астана Опера» оркестрінің контрабас тобының әртістері классикалық және ұлттық репертуардағы жеке әрі ансамбльдік нөмірлерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сәбит ДАЙЫРОВ

Анатолий ЯКУШКИН

Бауыржан ШАҚАЕВ

Ермек СӘРСЕМБАЕВ

Махамбет ЖАРҒАҚОВ

Дәулет ҮДЕРБАЕВ

Нұрлан ДВЕСОВ

Батырхан ХАСЕНОВ

Ильяс ЖИДЕБАЙ (скрипка)

Ахмет СҰЛТАНОВ (альт)

Рахматали БЕКБАБАЕВ (гобой)

Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет)

Фортепиано партиясы – Меруерт ЖЕКЕНОВА

 

 

БАҒДАРЛАМА:

1) Дж.Боттезини. «Әуен және Гавот»

2) Г.Гендель. Екі контрабас пен фортепианоға арналған соната, ми мажор, 1 және 2-бөлімдер

3) А.Петров. «Я шагаю по Бродвею»

4) A.Пьяццолла. «Кичо» (Kicho)

5) К.Диттерсдорф. Контрабас пен фортепианоға арналған концерт, ми мажор

6) Дж.Боттезини. Контрабас пен фортепианоға арналған концерт, си минор, 1-бөлім

7) Колин Брамби. Контрабастар квартетіне арналған сюита (Suite for four double basses)

8) С.Прокофьев. Гобой, кларнет, скрипка, альт және контрабасқа арналған квинтет, соль минор, ор. 39 (3, 5-бөлімдер)

9) Дж.Боттезини. «Сомнамбула»

 

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.