Үйрек аңшылығы
Зилов - кеңестік Гамлет, өз-өзіне деген сенімі төмен кейіпкер, үміті үзіліп, жанынан безіп, жақыны деп санаған адамдардың ортасында жалғыздық сезіміне беріле өмір сүретін адам. Үйрек аңшылығы ол үшін қолжетпес мақсат, жанын рақатқа бөлейтін жалғыз қызығушылық, тіршілігін мазасыздықтан құтқаратын жалғыз ермек болып табылады, бірақ сонымен қатар еш мағынасы жоқ еріккендік ретінде де қабылданғандай. Зиловқа бұл қатыгез аңшылықтың да, үйректердің де, мылтық атысы да қажет емес, таңсәрідегі өзен үстіндегі мамық тұман ғана оның арманы еді. Қамыс, қайық, су толқыны, үнсіздік, жалғыздық, тыным-тыныштық. Өмірдің тынымсз ағынынан жанын сақтау амалы. Өмірін тоқтатып, жаңа ғұмыр бастауға талпыныс, ғайыптық жолы.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!