Scorpions в Алматы

«Ұстазға арнау»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 23 желтоқсан, 2023

Уақыты: 17:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

Вокалдық музыка кеші

«Ұстазға арнау»

(Қанат Омарбаевтың мерейтойына орай)

Театрдың жетекші солистері мен ұлағат иесінің шәкірттері опера әншісі әрі ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университеті вокалдық өнер және дирижерлеу кафедрасының профессоры Қанат Омарбаевтың мерейтойына орай вокалдық музыка кешін ұсынады.

Қанат Нұрмұхамедұлы Омарбаев шығармашылық жолын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында профессор В.Н.Орлениннің сыныбында студент ретінде бастап (1973), еліміздің екі бірдей жетекші өнер ордасы – Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры (1973–1998) мен К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының (2000–2013) солисі атанды.

1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының (қазіргі – Қазақ ұлттық өнер университеті) вокал-хор факультетінің оқытушысы әрі деканы ретінде шақырылған, бүгінгі таңда сол жерде қызметін жалғастыруда. Республикамыздың көптеген мәдениет мекемелерінде табысты жұмыс істеп жүрген жарқын вокалистерді тәрбиеледі.

Концерт бағдарламасында классикалық опера репертуарынан ариялар мен дуэттер, сондай-ақ қазақстандық композиторлардың романстары мен әндері шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері (сопрано)

Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ (тенор)

Рамзат БАЛАКИШИЕВ (тенор)

Ерұлан КӘМЕЛ (тенор)

Талғат ҒАЛЕЕВ (баритон)

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

және т.б.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.