Scorpions в Алматы

Umai

 

Өнер саласындағы UMAI екінші ұлттық сыйлығы

Салтанатты марапаттау рәсімі және концерт

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған өнер саласындағы UMAI ұлттық сыйлығы – Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды бастау әрі айтулы оқиға.

Осынау тамаша бастама жаңа дарындардың есімдерін танытып, өңірлік театрларда сахналанып жүрген бірегей қойылымдарды көруге, отандық өнер қайраткерлерін қолдауға, мәдениетіміздің даму үрдістерін зерделеуге мүмкіндік береді.

«Оскардың» театрлық аналогы бола отырып, Umai сыйлығы негізгі төрт номинацияда ұсынылған: «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер».

Ұлттық өнердің көрнекті қайраткерлерінің қатысуымен UMAI сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі жарқын концерттік нөмірлермен – опералар, балеттер, мюзиклдердің үзінділерімен, аспаптық ансамбльдер және солистердің өнер көрсетуімен сүйемелденеді.

Марапаттау рәсімі алдында сағат 18.00-де театр фойесінде қызықты перформанс – картиналар мен эскиздер көрмесі, театрлық костюмдер көрсетілімі, сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің шеберлік сабағы өтеді, одан кейін финалистер мен құрметті қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтіп, залға жайғасады.

Көрермендер жеңімпаздардың есімдерін алғашқы болып білу мүмкіндігіне ие, ал жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған осынау мықтылар – ұлттық музыкалық-театр өнерінің көкжиегінде жарқыраған жаңа жұлдыздар.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.