Үйлену
Өтетін орыны:
Автор: Н. В. Гоголь
Премьера күні:
Режиссёр: В. И. Захаров
Актерлар:
Жанр: комедия
Ұзақтығы:
Жас санаты:
Қосымша:
Дворянға күйеуге шығуды армандаған көпес қызы Агафья Тихоновна. Қыз көруге келген күйеулер Подколесин, Яичница, Анучкин, Жевакин және Стариков. Сарай кеңесшісі, қызметкер Подколесиннің досы Кочкарев. Жеңгетай Фекла Ивановна. Қалыңдықпен танысу кезінде кейіпкерлер небір күлдіргі жағдайларда көрінеді. Үйленсем бе, үйленбесем бе деп басы қатып жүрген Подколесин пысық досы Кочкаревтің арқасында күйеу болып шыға келеді, алайда соңғы сәтте өз бақытынан бас тартып, терезеден қашып кетеді. Неге?..
Н.В.Гогольдің «Үйленуі» М.Әуезов театрында алғаш рет Н.Жантөриннің режиссерлігімен 1961 жылы қойылған. Ал, жаңа қойылым - өздерінің байлыққа бас ұрған есепшілдігінен, өзімшіл таяздығынан өздері зардап шегіп жүрген, бірақ, онысын өздері сезбейтін адамдардың аянышты тағдырлары, мақтаны көп, мақсаты жоқ қоғам туралы әрі күлкілі, әрі мұңды комедия.