ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Тұғырлы Ел

Тұғырлы Ел

Сипаттама

Қазақ музыкасына деген шынайы сүйіспеншілік, дарындылық пен аспаптарды шебер меңгеру «Сарыарқа» халық музыкасы ансамбліне ұлттық мәдени мұраны сақтауға және кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Концерт бағдарламасында жас композиторлар Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала», Тоғжан Жахиннің «Думанды Сарыарқа», «Сарын», «Сақ даласы», Шығыс Маханның «Аққу арман» және Ержан Тоқсабановтың «Тұғырлы ел» шығармалары орындалады.

Ансамбль әртістері Әділет Сейітқұлов (қобыз), Ақерке Жөкен (нар қобыз), Қарагөз Гасимова (жетіген), Райхан Омар (саз сырнай), Гүлдара Нариман (прима қобыз), Венера Дүйсенбекова (прима қобыз) және ансамбльдің домбырашылары жеке өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет саласының үздігі Айгерім Нартүйе, Нұрай Танабаев, Секен Сыздықов, халықаралық байқауларының лауреаттары Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия қатысады.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі 1998 жылы құрылған. «Сарыарқа» ансамблі құрамында қобыз, сыбызғы, шаң-қобыз, саз-сырнай, жетіген, домбыра, адырна, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас сынды таңғаларлық әуезді дыбыс беретін қазақтың көне және заманауи аспаптарында ойнайтын жоғары кәсіби музыканттар жұмыс істейді. Сонымен қатар аспаптардың құрамында баян мен блок-флейта бар.

Көптеген жылдар бойы ансамбльмен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Мәдениет қайраткері Күнсұлу Тұрлыбекова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Алтынай Мамырова, Перизат Тұрарова, Жазгүл Данылбаева, Данияр Мұқан және т.б. танымал орындаушылар өнер көрсетіп келеді.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.

Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Телман Нұркенов.

Толық оқыңыз
  • Күні

    26 мамыр 2024 жыл

  • Өтетін орны

    Астана қ., ГАФ МКҚКЕ. Рахмадиева, Камералық зал, Абай д., 29

  • Басталуы

    17:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 26
    Мамыр
    Жекс
    Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
    Камерный зал
    бастап 3000
    бастап 3000