97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Үш баритон

Билет сатып алу

Вокалдық музыка кеші

«Үш баритон»

«Үш баритон» концертінде «Астана Опера» театрының жас, дарынды әрі харизмаға ие вокалистері сахнада өз өнерлерін паш етпек. Олардың орындауында әлемдік опера репертуарынан, сондай-ақ Қазақстанның классик композиторларының туындыларынан танымал ариялар шырқалады.

Риголетто, Дон Карлос, Фальстаф, Алеко, Абай, Серке сынды кейіпкерлер бейнесінде халықаралық байқаулардың лауреаттары Расул Жармағамбетов, Дінмұхамед Көшкінбаев, Азат Мәлік және әншінің вокалдық табиғатын терең сезінетін керемет пианист Зәру Жазықбаева өнер көрсетеді.

Концерт тыңдарман қауымға жарқын эмоциялар, шалқар шабыт пен тамаша көңіл күй сыйларына сенімдіміз.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ, халықаралық байқаулардың лауреаты

Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Фортепиано партиясы – Зәру ЖАЗЫҚБАЕВА